rebranding

Ерен еңбек, ерлік әндері

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай

«Ерен еңбек, ерлік әндері»

концерті

«Астана Опера» театрының Камералық залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ерен еңбек, ерлік әндері» атты концерт өтеді.

Қазақстандағы тың игеру өлкесінде түрлі ұлт өкілдері бірігіп ерен еңбек атқарған. Алғашқы тың игерушілердің баға жетпес ынта-құлшынысының арқасында республикамыз ірі астық өндірушіге айналып, жаңа ауылдар мен қалалар салынды. Ал бұрынғы тың өлкесінің астана – қазіргі тәуелсіз Қазақстан елордасына айналды. Сол өткен жылдар бізден қаншама алшақтаған сайын, халық ерлігінің ұлылығы замандастары мен ұрпақтары үшін соншалықты маңызды бола бастайды.

«Астана Опера» әртістері даңқты тың еңбеккерлеріне арнап мерекелік концерт сыйлайды.

Концерт бағдарламасында – халық әуендері мен әндері, замандас композиторлардың шығармалары, сонымен қатар Қазақстанды туған үйіндей санайтын түрлі этнос өкілдерінің музыкасы.

 

Ұзақтығы1 сағат 30 минут