Jullien Dassin

Музыкалық дәуірлер сұхбаты

2018 / 2019                    Камералық зал            VІ маусым

11 қараша * сәрсенбі * 18.00

«Қазақквартет шақырады» топтамасы

«Музыкалық дәуірлер сұхбаты»

Танымал қазақстандық ұжым – Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті елорда қонақтары мен өздерінің айнымас тыңдармандарын жаңа концерттік бағдарламамен қуантуда. «Айтары бар әрі ақылды төрт адамның әңгімесі» – осылайша Йозеф Гайдн ішекті аспаптар квартетіне сипаттама берген. Қала қонақтары мен музыка сүйер қауымды атақты ұжым – Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті керемет музыканттарының қызыққа толы сұхбатын тыңдауға шақырамыз.

Австриялық классик Вольфганг Амадей Моцарттың жасампаз әрі әсем музыкасы, Хуго Вольфтың бейнелі, би әуеніндегі «Итальяндық серенадасы» және Дмитрий Шостаковичтың 1952 жылдың күзінде жазылып, сазгердің өзге де шығармаларында DSCH (композитордың инициалынан құралып, латын әріптерімен белгіленген ноталар Д.Ш.: ре – ми бемоль – до – си бемоль) музыкалық монограммасы шырқалатын Бесінші ішекті аспаптар квартеті орындалады.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

Вольфганг Амадей Моцарт

№15 ішекті аспаптар квартеті, ре минор, KV421

1. Allegro

2. Andante

3. Menuetto: Allegretto

4. Allegretto ma non troppo

 

 

Хуго Вольф

«Итальяндық серенада», W17/2

 

Дмитрий Шостакович

№5 ішекті аспаптар квартеті, cи-бемоль мажор, op. 92

1. Allegro non troppo

2. Andante

3. Moderato – Allegretto – Andante

 

Ішекті аспаптар квартетінің құрамы:

Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка)

Алексей Лебедев (2-ші скрипка)

Бекзат Сайлаубайұлы (альт)

Ернар Мыңтаев (виолончель)

 

Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ернар Мыңтаев

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады