«Еркектер жасаған қызық» Көкшетауда
Театрдың оғаш, сырлы және ғажап әлемі. Әрқайсымыз өмірімізде бір рет болсын театр сахнасының сыртына түсіп, сондағы қызу өмірді өз көзімен көргіміз келгені анық. Қойылымдар қалай пайда болады? Актерлердің дайындығы қалай жүреді? Олардың үнсіз армандары қандай, олар нені қалайды? Осы сұрақтардың жауабы «Еркектер жасаған қызық» қойылымында ашылатын болады.
Пьесаның оқиға желісі 1920 жылы революциялы Петроградта дәл сахна төрінде орын алады. Бәр аптадан кейін тұсаукесер болмақ, ал автор жазған пьеса театр мәселелерінде ештеңе түсінбейтін редактор тарапынан қабылданбай жатыр екен! Ол редакторымыздың алдыңғы қызметі теңізші болған екен, сондықтан оның театрға деген өзіндік көзқарасы бар!
Редактор пьесаға революциялық рух жетіспейді деп сеніп, жаңа үкімет талабына сай біраз байыпты етуді қалайды. Алайда жағдай оған кері жұмыс істеген екен, себебі редактор жаңа түзетулер енгізген сайын, пьеса одан әрі күлкілі болып кете береді! Уақыт зымырап өтуде, тұсаукесер күні жақындап келеді, ал қойылым жасауға рұқсат әлі берілмеген! Өзінің шығармасын алға тарту үшін автор қандай актерлік қитұрқылықтарға баруға дайын? Бұл жағдайдан қалай шығуға болады және пьеса орындалып, көрермендер назарына ұсынылу үшін ол қандай қадамдарға барады?
Театр әлемінің қалай шегі жоқ болса, автор қиялы да солай шексіз! Осының бәрін сіздер қызықты сахналық шешімдерге, жағдаят комедиясына, эксцентрика және тіпті цирктік жағдайларға толы қойылымда тамашалайтын боласыздар! Қойылым актерлердің өзі шынайы өмір мен театр шегін жоғалтып, түрленулерге басатын жарқын көріністерге бай! Және олар осы өнерді асқан шеберлікпен жүзеге асыратыны, ирония мен өткір әзіл қосатыны соншалық, көрермендерге де актерлермен бірге күлкілі, мұңды әрі қызық болады! Сөйтіп ақырында актерлердің нені аңсайтынын білетін боласыздар.