Jullien Dassin

Бразильская бахиана

«Елдер мен құрлықтарға саяхат» циклы

«БРАЗИЛИЯ БАХИАНАСЫ»

Композитор Э.Вила-Лобостың туғанына 130 жыл толуына орай (1887-1959)

2017 жылдың 2 наурыз күні «Бразилия бахианасы» атты концерт өтеді. Онда бразилия музыкасының классигі Эйтор Вила-Лобостың шығармалары орындалады.

Латын-американдық ең танымал композиторлардың бірі Вила-Лобос – бразилияның ұлттық және еуропаның академиялық музыка ерекшеліктерін өзара араластыру арқасында даңқы шыққан тұлға. Композитор шығармашылығы әртүрлі жанрларды қамтитын мыңнан астам туындыдан тұрады (9 опера, 15 балет, 12 симфония, 10 аспаптық концерттер, 60-тан астам ірі көлемді камералық шығармалар, әндер, романстар, хорлар, жеке аспаптарға арналған пьесалар және т.б.).

Вила-Лобостың Бах шығармашылығына деген құрметінен әйгілі Бразилия бахианалары дүниеге келді (Bachianas brasileiras, 1930–1945). Бұл – түрлі аспаптар құрамына арналған 10 сюита. Вила-Лобос екі ұлттық музыка жанрын таратқан: сереста (дәстүрлі ән түрі) және шоро (бразилия, үндіс және басқа да танымал музыкалық элементтер жиынтығы).

Әйгілі испан виолончельшісі Пабло Казальстің айтуынша, Вила-Лобос қазіргі заман музыкасын қалыптастырушылар қатарында ірі тұлға ретінде өз елінің ұлы мақтанышына айналды.

Композитордың шығармалары өзінің көзі тірісінде-ақ, Бразилияда, тіпті шетелдерге де танылып үлгерген.

Орындаушылар:

Жұпар Ғабдуллина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Бағдат Әбілханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

Әсел Жақиянова (скрипка)

Жанар Ахатова (альт)

Курванжан Ахатов (виолончель)

Диана Сартай (фортепиано)

 

«Астана Опера» камералық оркестрі

Дирижер – Абзал Мұхитдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Жүргізуші – Лира Бекболатова

 

Бағдарлама:

Э.Вила-Лобос

№5 Ішекті квартет (1931) W263

Скрипка мен фортепианоға арналған № 2соната-фантазия  W 83 (op. 29)

Бразилия  бахианалары (№2, №4, №5)

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут