Болмаған оқиға
Адам мен жан-жануардың ойы, мінезі, қылықтары салыстырыла сипатталады. Қора ішіне келіп-кетіп жүретін адамдардың іс-әрекеттеріне деген хайуандардың қөзқарастары, тіл бітіп бір-бірімен сөйлесулері, ішкі ойларын ақтарып пікір таласулары керемет әсерлі. Ауқатты адамның қызы мен оның маскүнем көршісінің баласы жасырын қора ішінде кездесіп жүреді. Соның салдарынан, ауқатты адамның қызы жүкті болып, оқиға осы жерден шиеленісіп, қызықты да мұңды, тартыстыда әсерлі сәттермен ұласады. Осының бәріне куәгер болған жан-жануарлар адамдардың әрекеттеріне, жалпы өмірдегі әділетсіздерге деген наразылықтары көрермендерді бей-жәй қалдырмайды.
Достармен бөліс
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!