rebranding

«Музыка құдайы қоныстанған opus…»

2021 / 2022                    Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал          IХ маусым

28 қазан * бейсенбі * 19.00

 

«Людвиг ван Бетховеннің барлық сонаталары» топтамасы

«Музыка құдайы қоныстанған opus…»

Төртінші концерт

«Астана Опера» оркестрінің бірінші скрипкасы – Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов пен халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Салтанат Әбілханова «Людвиг ван Бетховеннің барлық сонаталары» концерттер топтамасын түйіндейді.

Ұлы неміс композиторының скрипка мен фортепианоға арнаған он сонатасы – оның сүйікті қос аспабы сәтті үйлесім тапқан камералық музыка жауһарлары. Осынау музыкада XVIII ғасырдағы сыпайылық сарыны жаңа ойлармен үндесіп, кейін Бетховеннің фортепианолық сонаталары мен симфонияларында жүзеге асырылған.

«Музыка құдайы қоныстанған opus...» топтамасының төртінші концертінде ресей императоры І Александрға арналған №7 соната мен автордың онжылдық үзілістен кейін осы жанрда жазған соңғы туындысы – Бетховеннің тұрақты меценаттарының бірі – эрцгерцог әрі Сан-Пьетро-ин-Монторио шіркеуінің титулына ие Кардинал-дін қызметшісі, композитор, пианист Рудольф Австрийскийге арналған сонатасы шырқалады.

 

Белгілі заманауи скрипкашы, дирижер Юлиан Рахлиннің сөзінше, «Оныншы сонатаның алдыңғы тоғызымен еш ортақтығы жоқ. Онда Бетховен музыканың мүлдем жаңа өлшеуіне жол ашады».

 

БАҒДАРЛАМА:

Людвиг ван Бетховен

Скрипка мен фортепианоға арналған №7 соната, до минор, op. 30 №2

1. Allegro con brio

2. Adagio cantabile

3. Scherzo. Allegro

4. Finale. Allegro

Ресей императоры І Александрға арналған

 

Скрипка мен фортепианоға арналған №10 соната, соль мажор, op. 96

1. Allegro moderato

2. Adagio espressivo

3. Scherzo: Allegro - Trio - Coda

4. Poco allegretto - Adagio espressivo - Tempo I

Эрцгерцог Рудольф Австрийскийге арналған

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

Салтанат ӘБІЛХАНОВА (фортепиано)

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады