Scorpions в Алматы

Ризамын саған...

«Ризамын саған...»

Арно Бабаджанян шығармаларынан концерт

«Астана Опера» «Ризамын саған» концертіне шақырады. Әр халықта бүкіл әлемге лайықты көрнекті музыкалық қайраткерлері бар. ХХ ғасырда бұндай тұлғалар қатарында Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Родион Щедрин, Захарий Палиашвили, Александр Спендиаров, Узеир Гаджибеков, Арно Бабаджанян, Мұқан Төлебаев сынды композиторлар болды.

Бағдарламада ХХ ғасыр композиторларының танымал вокалдық әрі аспаптық шығармалары.

Концертке қазақстандық музыка өнерінің жұлдыздары –Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Маргарита Дворецкая, Жан Тапин, Байғали Момбеков, Сүндет Байғожин, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртістері Альфия Каримова және Артур Каипкулов; Татьяна Вицинская, Евгений Чайников, сонымен қатар музыкалық аспап өнерінің шеберлері: Любовь Ткаченко (арфа), Наргиз Ережепова, Кирилл Красюков (скрипка), Жанар Ахатова (альт), Курванжан Ахатов (виолончель), Анатолий Якушкин (контрабас), Мұрат Омаров (соқпалы аспаптар); бас хормейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов жетекшілігіндегі «Астана Опера» хоры қатысады. Концертмейстер – Мәдениет қайраткері Елена Сахно.

Сондай-ақ, концертке арнайы қонақ ретінде – пианист Гүлдана Жолымбетова (АҚШ) қатысады.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут 

 

Орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын дирекция өзіне қалдырады