rebranding

Бах & Брух

Камералық зал
3 наурыз, 19.00

«Бах & Брух»

3 наурызда «Бах & Брух» концерті өтеді. Бағдарламада әртүрлі кезеңдегі неміс композиторлары – И.С. Бах пен М. Брухтың концерттері орындалады.

Оркестрлік музыка – Иоганн Себастьян Бах (1685-1750) мұрасының маңызды бөлігі. Ол алты Бранденбург концертін, клавирлік, скрипкалық концерттер, скрипка, виолончельге арналған және т.б. шығармалар жазған.

Өзі дарынды скрипкашы болған композитор Бах бұл аспаптың мүмкіндіктері мен «стилін» жетік меңгерген. Органдық және клавирлік музыка үлгілерінде туындаған көпдауыстылықты Бах скрипкаға арналған шығармаларда қолданбақ болады және бұл аспапқа биік талаптар қояды.

Композитор және дирижер Макс Брух (1838-1920) Мендельсон мен Шуман мектептерінің ізбасары, оның шығармалары кейінгі романтизм дәуіріне жатады, лиро-эпикалық тұрғыдағы суреткер. Ол барынша жеңіл әрі анық, әуені мәнерлі, құрылымы жағынан үйлесімді әрі салмақты музыка жазған.

Композитордың ең танымал аспаптық шығармалары – 1-ші скрипка концерті, Екінші симфония, скрипка мен оркестрге арналған «Шотландиялық фантазия», виолончель мен оркестрге арналған «Kol nidrei».

Бағдарламада:

  1. И.С. Бах. Флейта, скрипка мен клавесинға арналған концерт, a-moll
  2. И.С. Бах. Екі скрипкаға арналған концерт, d-moll
  3. М. Брух. Скрипка, альт пен оркестрге арналған қосарлы концерт, e-moll, ор.88
  4. М. Брух. Альт пен оркестрге арналған романс, F-dur, ор.85

Солистер:

Қаламқас Жұмабаева (скрипка)
Павел Романенко (альт, Мәскеу)
Бағдат Әбілханов (скрипка), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Айсұлу Бәйкенова (скрипка)
Алексей Косырев (флейта)
Долорес Үмбетәлиева (клавесин)

«Астана Опера» театрының Камералық оркестрі
Дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут