rebranding

Аяш Абыл Табылдыұлының бард жанрын насихаттау бағытындағы "Тұңғыш рет" атты шығармашылық кеші

Аяш Абыл Табылдыұлының бард жанрын насихаттау бағытындағы Қазақстан Республика­сы­ның Елордасы – Астана қаласына  20 жыл толуына орай «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Қазақстан» ОКЗ камералық залында 2018 жылдың 16 ақпан күні талантты әнші  Табылды Досымовтың ұлы Аяш Абылдың «Тұңғыш рет» атты концерті  өтеді.

Отандық эстрадада қазақтың тұңғыш бард ақыны  Табылды Досымовтың әндерінен бастау алған бард жанры қазіргі таңда жоғарғы деңгейде насихатталуда. Әсем әнге ғана емес, сырлы поэзияға да сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелейтін, жыраулыққа жақын бард жанры соңғы уақытта музыка әлемінде ерекше серпіліс туғызды.

Сіздерді дәуір дүрсілін, тіршілік тынысын сездіріп, мезгіл мінезін көрсеткен бард жанрын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған Аяш Абыл Табылдыұлының «Тұңғыш рет» атты шығармашылық кешіне  шақырамыз.

Өтетін орыны: "Қазақстан"ОКЗ, Камералық зал, Мәңгілік ел, 10/1
Күні: 16 ақпан

Уақыты:  19:00

Байланыс тел: + 7 7172 705 241, + 7 775 792 75 94

Билет құны: 1000 тг.