rebranding

«Аттила»

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Джузеппе Верди

«Аттила»

Прологы бар 3 бөлімді лирикалық драма

2016 жылы 13 қарашада «Астана Опера» МОБТ-да Дж. Вердидің «Аттила» операсының театрландырылған концерттік орындалуы көрсетіледі.

«Астана Опера» театрының опера солистері, хоры және оркестрінің қатысуымен. Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Режиссер – Наталья Кагадий.

«Аттила» либреттосын жазған Темистокле Солера мен Франческо Пиаве, Захариас Вернердің «Ғұн патшасы – Аттила» трагедиясы бойынша.

Опера негізінде V ғасырдағы көшпенді Ғұн тайпаларының Рим империясын жаулап алу тарихы жатыр. Еуропаның көптеген халықтарын жаулап алған Аттила есімі Рим империясының халықтарында қорқыныш пен ғаламат үрей туғызды. Бірақ, қатаң қолбасшы жүрегі махаббат сезімін де таныған.

Вердидің айтуы бойынша, трагедияның ішінде ол «үш мәрттік мінездерді» тапқан (Аттила, Одабелла, Эцио).

Көлемді көпшілік көріністер, финалдар (хормен квинтеттер), айшықты ариялар, қуатты ырғақтар, есте қаларлық әуендер, психологиялық тереңдік пен нәзіктік – міне, «Аттила» операсының сипатты белгілері.

«Аттила» операсының премьерасы 1846 жылдың 17 наурызында Ла Фениче (Венеция) театрында өтті. Опера уақыт таразысынан өтіп, бүгінгі күнге дейін әлемнің ең ірі деген театрларының репертуарларында сақталуда.

Басты кейіпкерлер және орындаушылар:

Аттила –        Барсег Туманян, Арменияның Халық әртісі

Одабелла –    Жұпар Ғабдуллина

Эцио –           Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Форесто –      Жан Тапин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Леоне –          Ескендір Әбжанов

Ульдино –     Рамзат Балакишиев

 

Бір үзілісті қойылым

Ұзақтығы – 2 сағат 30 минут

 

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады