rebranding

Астана Балет. премьера одноактных балетов

«Астана балет» театры «Астана Опера» сахнасында «Сағым сәттері» және «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл» атты екі жаңа қойылымның премьерасын ұсынады.

Заманауи қытай хореографы Исян Джанның «Сағым сәттері» атты қойылымы әйел затына арналған. Пластика күшімен артистер әйелдің рухы биік, сұлу әрі мықты қалпын сақтап қалатынын көрсетеді. Өмір жолындағы ешқандай қиыншылық әйелдің әлемге жылу дарытып, ертеңгі күнге деген сенімін арттыруына кедергі бола алмайды. Себебі, ол қиын-қыстау заманның өзінде жан тазалығы мен тұтас болмысын сақтап қалады.

«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл» - Абай Құнанбаев поэзиясына арналған алғашқы балет. Қазақстандық балетмейстер Мукарам Авахридің осы жұмысында Абай поэзиясы мен әндері хореография тілімен үндеседі. Бұл қойылым Абай поэзиясына деген ғашықтыққа толы. Мұнда терең толғаныс пен сезімталдық, мұң мен шаттық бар.