rebranding

Астана – Әлем дауысы

2018 / 2019                    Камералық зал            VІ маусым

5 қазан * жұма * 19.00

«Астана – Әлем дауысы»

Халықаралық фестивалінің салтанатты ашылуы

2018 жылғы 5 қазанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі аясында «Астана – Әлем дауысы» Халықаралық фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Театрдың Камералық залында Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры өнер көрсетеді.

2004 жылы негізі қаланған хор ұжымы бірнеше мәрте халықаралық байқаулардың марапаттарын иеленген, олардың қатарында «World Choir Games» қос Алтын медалі (Латвия, 2014), «Шабыт-2014» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің Бас жүлдесі (Астана), «Жұбанов көктемі-2012» Халықаралық байқауының Бас жүлдесі (Ақтөбе), «Хайнувка» ХХХ Халықаралық рухани музыка фестивалінің Бас жүлдесі (Польша, Белосток, 2011), Бейжіңде өткен Бүкіләлемдік хор форумының екі Алтын кубогы (Қытай, 2011), «Астана – ән қанатында» Бас жүлдесі (Астана, 2008) және т.б. бар.

Хор ұжымының ауқымды репертуарына ұлттық және әлемдік классика туындылары енеді.

 

Көркемдік жетекшісі әрі дирижері – Гүлмира Құттыбадамова.

Концерт бағдарламасында түркі халықтары әндерінің өңдеулері, қазақ, орыс және батыс еуропалық классиктердің туындылары орындалады.

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут