Jullien Dassin

«АСҚАР АСУ» Мұқият Асқардың жеке концерті

«АСҚАР АСУ» Мұқият Асқардың жеке концертіӨтетін орны: Астана қ., QAZAQSTAN ОКЗ (Мәңгілік ел, 10/1)

Күні: 30 мамыр 2023 ж.

Басталуы: 19:30

Тұрақ: бар

Жанр: 

Ұзақтығы: 80 минут

Қосымша:

 

 

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Асқар Мұқияттың жеке шығармашылығына арналған «Асқар асу» атты концерттік іс-шара өткізеді.

Асқар Мұқият – дәстүрлі әнші, көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, 2017 жылы «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлдегері атанды. Репертуарында Ақан серінің «Алты басар», «Майда қоңыр», Біржан салдың «Он саусақ», Үкілі Ыбырайдың «Гәкку», Әсеттің «Қаракөз», Мәдидің «Қара кесек», Естайдың «Қорлан», Абайдың «Көзімнің қарасы» және т.б. халық әндері бар. Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосынов пен ҚР Мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев сынды өнер майталмандарынан дәріс алған.

Кешке «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Рухия Байдүкенова, композитор, «SAZ&SOUL» вокалды-инструментальды ансамблінің көркемдік жетекшісі Әділжан Толықпаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, халықаралық байқаулардың лауреаты Айзат Қарабекова, «Гүлдер» ән-би ансамблі, «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі және T&Y дуэті қатысады.

Іс-шараны «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығы ұйымдастырады.