Scorpions в Алматы

Махаббатты мадақтау

«Махаббатты мадақтау»

концерті

«Астана Опера» Камералық залында «Махаббатты мадақтау» атты концерт өтеді. Концертке «Астана Опера» театрының жетекші солистері – Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова (сопрано) және халықаралық байқаулардың лауреаты Мейір Байнешов (тенор) қатысады. Концертмейстер – Гауһар Тасбергенова.

Кеш бағдарламасында: неаполитандық әндер, классикалық орыс романстары, «Лючия ди Ламмермур» және «Махаббат шырыны» операларынан дуэттер.

Альфия Каримова – «Астана Опера» театрының жетекші солисті, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі, бірнеше вокалшылар байқауының лауреаты. Оның репертуарында Джильда («Риголетто»), Виолетта («Травиата»), Оскар («Бал-маскарад»), Олимпия, Антония («Гофман ертегілері»), Лючия («Лючия ди Ламмермур»), Адина («Махаббат шырыны») және басқа опера партиялары бар.

Мейір Байнешов – «Астана Опера» театрының жетекші солисті, бірнеше халықаралық байқаулардың лауреаты. Оның репертуарында Альфред («Травиата»), Ленский («Евгений Онегин»), Неморино («Махаббат шырыны»), Каварадосси («Тоска»), Біржан («Біржан – Сара») және басқа партиялар бар.

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут