Scorpions в Алматы
99 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Өнерді қабылдаудан қабылдау өнеріне

Өнерді қабылдаудан қабылдау өнеріне Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі

«Өнерді қабылдаудан қабылдау өнеріне » эстетикалық-білім беру бағдарламасының курсына тыңдаушылар қабылдайды

Еліміздің жетекші өнертанушылары білімге құштар тыңдаушыларды өнерді қабылдай білуден қоршаған ортаны қабылдау өнеріне дейінгі қызықты жолмен алып жүреді.

«Қазақстан. Өнерді қабылдаудан қабылдау өнеріне» бағдарламасы – тарихи фактілердің мазмұны, халық дәстүрлері, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары, ірі шеберлердің тағдыры мен шығармашылығы негізінде құрылған Қазақстан сәндік-қолданбалы өнері мен бейнелеу өнері теориясы мен тарихының қызықты курсы.

Түс пен Форма әлемінің Үйлесіміндегі өз жаңалығыңызды ашуға олардың түпсіз тұңғиығына бізбен бірге бойлаңыз!


 

Сабақ әр сәрсенбіде сағат 19:00-ден 20:30-ға дейін (орыс тілінде)

Әр жұмада – сағат 19:00-ден 20:30-ға дейін (қазақ тілінде) өтеді.

Сабақ 2016 жылы 16 қыркүйек сәрсенбі күні музейдің мәжіліс залында болады.

Өнер академисяБағдарламаның 10 сабақтық толық курсына 1 абонементтің құны –13 000 теңге

5 сабақтық 1 абонементтің құны – 7 000 теңге

Бір жолғы қатысу құны – 3 000 теңге

Кәсіби жоғары оқу орындарының студенттері үшін бір жолғы қатысу құны – 500  теңге.

 

Бонустар: Кез келген абонементтің иелері өздері үшін ыңғайлы уақытта музейдің экспозиция залдарында меңгерген материалын көзбен көріп, есінде сақтап қалуына болады. Абонементтің барлық жарамды уақытында кіру тегін (5 сабақ – залға 5 рет, 10 сабақ – залға 10 рет кіреді , т.с.с.)

 

Сіздерді Алматы қаласы, Көктем-3,, 22/1 мекенжайы бойынша асыға күтеміз!

Музейдің Фейсбуктегі беттерінен толығырақ білуге болады:

ttps://www.facebook.com/gmi/rk/

тел.: 394 57 15 (ішкі 103); 8 701 999 77 74