Scorpions в Алматы

Аида

Құрметті көрермендер!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.

 

Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.

Қолдану бойынша нұсқаулық:

1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).

2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.

3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).

4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет

 

​Мәртебелер:

Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ

Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады

Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.

Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.

 

Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

 

Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

Түсіністік танытады деген сенімдеміз!

 

Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.

 

 

2020 / 2021                 Үлкен зал                  VIІІ маусым

11 шілде * жексенбі * 18.00

12 шілде * дүйсенбі * 19.00

 

Джузеппе Верди

«АИДА»

4 бөлімді опера

 

«Астана Опера» театрында әйгілі заманауи режиссер әрі сценограф – Франко Дзеффиреллидің қойылымындағы (Ла Скала, Италия) Дж. Вердидің «Аида» операсы қойылады.

Дирижер – Абзал МҰХИТДИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ ТОЙКЕНОВ

 

ШАҚЫРЫЛҒАН СОЛИСТЕР:

Амонасро – Бадрал ЧУЛУУНБААТАР (Моңғолия)

Радамес – Саян ИСИН (Қырғызстан)

 

1868 жылы Суэц арнасының салтанатты ашылуына байланысты Мысыр үкіметі Вердиге ұлттық тарих негізіндегі сюжетке опера жазуды ұсынады. Премьера Каирдағы театрдың ашылуына жоспарланған еді, алайда композитор тапсырысты қабылдамады. Бірақ ежелгі Мысыр перғауындарының Нубияға (Эфиопия) қарсы күресі дәуірінен қалған папирустағы аңызға негізделген, француз мысыртанушысы О.Э. Мариеттің сценарийімен танысқаннан кейін, 1870 жылы келісімін берді. Мариетт суреттері бойынша қойылым үшін декорациялар мен костюмдер дайындалды. Операның прозалық мәтінін француз либреттошысы К. дю Локль (1832-1903), өлең ретіндегі либреттосын А. Гисланцони (1824-1893) жазды. Верди сюжет жасауға белсенді түрде қатысып, ежелгі Мысыр тарихы мен өнерін мұқият зерттеді.

«Аиданың» премьерасы 1871 жылдың 24 желтоқсанында Каирда, ал келесі жылдың 8 ақпанында Миланда өтті.

«Аидада» ащы шиеленістерге толы жеке драма – алып әрі ауқымды жаппай көріністер, салтанатты шерулер, билер мен ұрандар аясында өрбиді. Мейірімсіз абыздар бейнесінде Верди шіркеу қызметшілерінің зұлматын таңбалайды, оларға Аида мен Радаместің жан сұлулығы мен мол адамгершіліктері қарсы тұрды: олардың махаббаты өлімге де дес бермей, барлық сынды көтереді. Опера жоғары адамгершілік сезімдеріне ұран болып естіледі.

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:

 

11 ШІЛДЕ

Аида – Жұпар ҒАБДУЛЛИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Радамес – Саян ИСИН (Қырғызстан)

Амнерис – Гүлжанат САПАҚОВА

Амонасро – Бадрал ЧУЛУУНБААТАР (Моңғолия)

Мысыр патшасы – Бауыржан ӘНДЕРЖАНОВ

Рамфис – Шыңғыс РАСЫЛХАН

Хабаршы – Рамзат БАЛАКИШИЕВ

Абыз әйел – Жәмила ЖАРҚЫМБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

* * *

 

12 ШІЛДЕ

Аида – Жұпар ҒАБДУЛЛИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Радамес – Саян ИСИН (Қырғызстан)

Амнерис – Салтанат МҰРАТБЕКОВА

Амонасро – Талғат МҰСАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Мысыр патшасы – Шыңғыс РАСЫЛХАН

Рамфис – Болат ЕСІМХАНОВ

Хабаршы – Рамзат БАЛАКИШИЕВ

Абыз әйел – Елена ГАНЖА

 

Ұзақтығы: 3 сағат 30 минут (екі үзіліспен)

 

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен қамтылған)

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады