Scorpions в Алматы

Жастар шығармашылығы

ЖАСТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

21 қазан күні Камералық залда болашағынан үлкен үміт күттіретін, әлден биік белестерді бағындырып үлгерген жас музыканттар мен композиторлардың қатысуымен «Жастар шығармашылығы» концерті өтеді. Олардың есімдерін Қазақстан мен шетелдік белгілі концерт залдарының афишаларынан көруге болады. Рахат Би Әбдісағын, Азат Мәлік, Назым Сағынтай, Қалқаман Дүйсенбаевтер «Астана Опера» театрының Камералық залы сахнасында өз өнерлерін көрсетеді.

Концертке Александр Тараскин (флейта), Алмаз Тоқпанов (кларнет), Данияр Есімханов (фортепиано), сонымен қатар Украинадан келген музыканттар – Дмитро Таванец (фортепиано), Золтан Алмаши (виолончель) қатысады.

Концертмейстерлер – Ирина Кургузкина, Раушан Бескемпірова.

Жүргізуші – Маржан Жәкенова.

БАҒДАРЛАМА

  1. Р.Леонкавалло. «Заза» операсынан Каскардың ариясы – Азат Мәлік
  2. У.Джордано. «Андре Шенье» операсынан Жерардың монологы
  3. Дж.Пуччини. «Мадам Баттерфляй» операсынан Чио-чио-сан ариясы – Назым Сағынтай
  4. Л.Ардити. «Сүйісу»
  5. М.Понсье. «Жұлдызша»
  6. Ф.Легар. «Күлкі әлемі». Лиза мен Су Чонгтің дуэті – Н.Сағынтай мен А.Мәлік
  7. Р.Глиэр. Дауыс пен оркестрге арналған концерт, ор.82, волторнаға өңдеу, 1 бөлім – Қалқаман Дүйсенбаев

Рахат Би Әбдісағын:

8. «Feeling of Autumn» – Александр Тараскин

9. «Games of not parallel lines» – Алмаз Тоқпанов, Данияр Есімханов

10. «Rondine Piangente» («Жыл құстарының жылауы»), Ш. Айтматовтың аттас әңгімесінің желісімен – Рахат Би Әбдісағын

11. Жеке фортепианоға «Fantasia quasi una sonata» – Дмитро Таванец

12. Виолончель мен фортепианоға арналған «Light at the end of tunnel» («Тоннель соңындағы жарық») – Золтан Алмаши мен Дмитро Таванец

 

Абдысағын Рахат-Би – 17 жасар қазақстандық композитор және пианист, 100-ден аса музыкалық шығармалардың авторы.

2016 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бакалавр дәрежесімен үздік тәмәмдады.

Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық өнер университетінің магистранты.

«Астана-Мерей» Халықаралық байқауында «Композиция» номинациясының (2012) және «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар байқауының Гран-при иегері, Спендиаров атындағы III Халықаралық композиторлар байқауының I сыйлық лауреаты (Ялта, 2013), Президент Кубогының иегері (Астана, 2014).

Оның музыкасы Еуропа мен Азияның көптеген елдерінде кеңінен орындалады. Осылай, симфониялық оркестр мен фортепианоға арналған «Kazakh rhapsody» шығармасы үшін «Тәуелсіздік толғауы-2014» байқауының Гран-при иегері атанып, «Жылдың үздік композиторы» ретінде танылды, ал «The Will to Live» туындысы бірнеше рет Астана, Лондон, Париж, Испания, Сеул, Ыстамбұл, Анкара және П. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының Үлкен залында өткен үкіметтік концерттерде орындалды.

«The Will to Live» туындысының әлемдік тұсаукесері 2015 жылы 20 наурызда Берлин филармониясының Үлкен концерт залында өтті (автордың жеке орындауында), «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар байқауының Гран-при сыйлығы мен ҚР Президенті Кубогын (2014) ұтып алды скрипкаға арналған «Forward into the Sunlight» концерті Алматы мен Астанада бірнеше рет орындалды (соло – Ержан Күлібаев, Еркебұлан Сапарбаев, Мақсат Жүсіпов). «God' s dwelling» симфониялық картинасының әлемдік тұсаукесері 2016 жылы 23 тамызда Берлиннің Konzerthaus Үлкен залында өтті. Рахат-Бидің камералық музыкасы Грац (Австрия), Киев (Украина), Мюрццушлаг (Австрия) қалаларында орындалды. Флейта, вибрафон және гитараға арналған «Painting in sounds» туындысының әлемдік премьерасы 2016 жылы 15 ақпанда Мюнстерде өтті, ол арнайы KlangZeit Muenster – 2016 фестивалі үшін гитарист Райнберт Эверстің тапсырысы бойынша жазылған.

 

Азат Мәлік – баритон, халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің вокал өнері кафедрасын бітірген (доцент Азамат Жылтыркөзов сыныбы). Азат Мәлік «Астана Опера» театрының сахнасына бірнеше рет өнер көрсетіп, елордалық әнсүйер қауымын өз даусымен таң қылдырып келеді.

Назым Сағынтай – сопрано, Волгоградта өткен халықаралық Дельфий ойындарының алтын жүлде иегері (2014), Б.Төлегенова атындағы халықаралық вокалшылар байқауы (Астана), «Жұбанов көктемі-2015» (Ақтөбе), «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі, Е.Рахмадиев атындағы халықаралық вокалшылар байқауының лауреаты, сондай-ақ, ІІІ Бүкілресейлік «Орфей» байқауының Бас жүлде иегері (2016). Бүгінгі таңда Қазақ ұлттық өнер университетінің 3 курс студенті (доцент, Мәдениет қайраткері – Дина Қабыкеева сыныбы).

Қалқаман Дүйсенбаев – талантты валторнист, халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі (Ерлан Жәкенов сыныбы). Қазіргі уақытта П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының V курс студенті (профессор Владимир Шиш сыныбы).

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады