Scorpions в Алматы
тәулік бойы қолдау қызметі:
+992918-43-16-55 Ticketon WhatsApp

Таңдаулы классика

2017 / 2018                    Камералық зал            V маусым

13 маусым * сәрсенбі* 19.00

Камералық музыка концерті

«Таңдаулы классика»

2018 жылдың 13 маусымында Камералық залда романтик композиторлардың жауһар туындыларымен қатар, жоғары кәсіби жас музыканттардың орындауында А.Пьяццолланың құштарлыққа толы тангосы шырқалатын «Таңдаулы классика» концерті өтеді.

 

Әсел Жақиянова (скрипка) – Қазақ Ұлттық өнер университетінің түлегі (А.Дүйсенбаев сыныбы). Қазіргі таңда М.Глинка атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясында профессор Михаил Туричтың сыныбында ассистентура-тағылымдама бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруда. Халықаралық байқаулардың лауреаты. «Астана Опера» оркестрінің әртісі.

Ботагөз Қалиева (виолончель) – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының түлегі, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы мен Вена музыка және бейнелеу өнері академиясының аспирантураларын тамамдаған. Ресей, Германия, Испанияда, Италия, Жапония және тағы басқа елдерде концерттерімен өнер көрсеткен.

Жанна Здорнова (фортепиано) – Қазақ Ұлттық өнер университетінің түлегі (профессор Вячеслав Узбековтың сыныбы). М.Глинка атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясында профессор Тамара Игноянның сыныбында оқуын жалғастыруда. Республикалық байқаулардың лауреаты және халықаралық байқаулардың дипломанты.

 

БАҒДАРЛАМА:

Ф.Мендельсон-Бартольди. №1 фортепианолық трио, ре минор, оp.49, 1-бөлім

Ф.Шуберт. Скрипка мен фортепианоға арналған соната, ля мажор, оp.162, 1-бөлім

И.Брамс. Виолончель мен фортепианоға арналған №1 соната, ми минор, оp.38, 1-бөлім

Ф.Крейслер. «Сыған каприччиосы»

С.Рахманинов. «Вокализ» ор.34,  № 14 (виолончель мен  фортепианоға арналған)

П.Чайковский. Триоға арналған «Жыл мезгілдері» топтамасынан «Маусым» (Баркарола)

А.Пьяццолла. Триоға арналған Revolucionario («Революциялық танго»)

А.Скрябин. Поэма, ор.32 № 1, № 2

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады