rebranding
тәулік бойы қолдау қызметі:
+992918-43-16-55 Ticketon WhatsApp
98 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Атау-кере

Билет сатып алу

Неге біз осы..? Адам баласының  өзіне де, өзгеге де күніне сан рет қоятын, жауабы жоқ сұрағы бұл! Аралар жасай алған бір-біріне мейірімді, бауырмал қоғамдық өмірдің деңгейіне жете алмай жүрген  адамдар қоғамындағы адамгершілік болмыс алаңдатып, күйкі тірлік шаршатқан Таған тәрізді кейіпкер мына  адамдар менің білгенімнің ең болмаса, 5 пайызын білсе ғой деп армандайды. Сонда әлем өзгеше, біздің өміріміз де басқаша болар еді деп ойлайды.  

Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» повесіндегі әр кейіпкердің қаймағы бұзылмаған таза табиғат аясындағы іс-әрекеттері арқылы оның ішкі жұмбақ әлеміне бойлап, тұлғасын тани түсесіз.

Енді бірде Таған ұдайы мазасын алған «Неге біз осы?» деген сауалға жауап тапқандай болады. Осылайша, адамдық түп-тамырына қайта оралған Тағанға Табиғат ана құшағын жаяды.

«Атау-керек» қойылымы-дүниені бүлдіретін құлағы бар саңыраулардан, жанары бар соқырлардан сақтасын деген ойға жетелейді. 

Сіз де, қымбатты көрермен, «іздеген жетер - мұратқа» дегендей, «Неге біз осы» деген сауалдың жауабын іздеп көріңіз.