Scorpions в Алматы
тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

Балет кеші: Гала-балет / «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?»

2021 / 2022                 Үлкен зал                  ІХ маусым

5 қазан * сейсенбі * 19.00

6 қазан * сәрсенбі * 19.00

 

БАЛЕТ КЕШІ

Гала-балет

_________________________

How long is now?

Р.Ребектің бір бөлімді балеті

Екі бөлімнен тұратын бағдарламада «Астана Опера» театры балет әртістерінің орындауында – классикалық балеттерден па-де-де, заманауи отандық және шетел хореографтарының миниатюралары және Раймондо Ребектің бір бөлімді How long is Now («Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?») балеті қойылады.

 

«Астана Опера» симфониялық оркестрі. Дирижер – Арман ОРАЗҒАЛИЕВ.

«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің Халық әртісі.

 

БАҒДАРЛАМА

А. Адан. «Корсар» балетінен трио. М.Петипаның хореографиясы

Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Олжас ТАРЛАНОВ

 

Л.Минкус. «Дон Кихот» балетінен сыған биі. М.Петипаның хореографиясы

Наталья КОНДЯ, Қуат КӘРІБАЕВ, балет әртістері

 

Р.Дриго. «Арлекинада» балетінен па-де-де. М. Петипаның хореографиясы

Шұғыла ӘДЕПХАН, Серік НАҚЫСПЕКОВ

 

«Дала үні» балетінен дуэт. Р.Гайсиннің музыкасы. П.Бананың хореографиясы

Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ, Далер ЗАПАРОВ

 

А. Адан. «Корсар» балетінен па-де- скляв. М.Петипаның хореографиясы

Мөлдір ШӘКІМОВА, Айбар ТОҚТАР

 

Steppe Sons «Қорқыт». А.Садықованың хореографиясы

Еркежан ЖҮНІСОВА, Сұлтанбек ҒҰМАР

 

Л.Минкус. «Дон Кихот» балетінен Гран-па. М.Петипаның хореографиясы

Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Бақтияр АДАМЖАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, балет әртістері

 

*   *   *   *   *   *   *

 

How long is now?

(«Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?»)

Бір бөлімді балет

 

Қоюшы хореограф – Раймондо Ребек

Сценография (Р.Ребектің эскиздері бойынша) – Виктор Караре

Жарық бойынша суретші – Карло Черри

Костюмдер бойынша суретші (Р.Ребектің эскиздері бойынша) – Арасель Досмұратова

 

Неміс хореографы Р.Ребектің «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» балеті – бұл уақыт пен оның жекелеген сәттері туралы пәлсапалық ой-толғау.

Өмірдің сан алуан кездерінде Қазіргі сәт қанша уақытқа созылуы мүмкін? Ғашық жанға сүю сәті тоқтаусыз болып көрінер, ал махаббат азабы мәңгілік жадында сақталып немесе із-түзсіз өшуі мүмкін... Өмірдің азабын тартқан адамдар мен рахатын көргендер үшін уақыттың ағымы әрқалай сезіледі.

Бүгін – бұл ертеңгі күн үшін өткен шақ, себебі қазір ғана орын алған жайт әп-сәтте кешегіге айналады. «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» деген сауалға Льюис Кэрролдың «Ғажайыптар еліндегі Алиса» ертегісіндегі басты кейіпкердің ұқсас сұрағына берілген Қоянның жауабы дәл келеді: «Қазіргі сәт, мәңгіліктей, кейде көзді ашып-жұмғанша өтеді де кетеді».

Р.Ребектің балетінде бишілердің үш жұбы адам өмірінің әр кезеңін бейнелейді. Дарынды хореограф уақыт ағымы мен оны сезіне білу мәселелерін хореографиялық әдістер арқылы зерттеуге бірегей талпыныс жасайды.

Қойылымда М.Рихтер, Г.Эскот, Э.Боссо, О.Арнальдс және «1+1» фильміне арналған саундтрек авторы ретінде айрықша танымалдылыққа ие болған Л.Эйнаудидің, сондай-ақ «Les Tambours du Bronx» («Бронкс барабандары») тобының музыкасы пайдаланылған.

 

КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:

Уақыт –  Арман УРАЗОВ

Бозбалалық шақ – Шұғыла ӘДЕПХАН, Айбар ТОҚТАР (5.10) /   Бақытгүл ИСПАНОВА, Данияр ЖҰМАТАЕВ (алғашқы өнер көрсетулері) (6.10)

Жастық шақ – Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ (алғашқы өнер көрсетуі), Олжас ТАРЛАНОВ

Кемелденген шақ – Мөлдір ШӘКІМОВА, Рүстем СЕЙІТБЕКОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (5.10) /  Аделина ТӨЛЕПОВА, Далер ЗАПАРОВ (алғашқы өнер көрсетуі) (6.10)

 

«АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады