Google ad services
Билеты на мастер-классы Алматы
тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(550)72-81-72

Көктем симфониясы

2017 / 2018                 Үлкен зал                  V маусым

4 наурыз * жексенбі * 18.00

Концерт

«Көктем симфониясы»

Театрдың Үлкен залында Astana Рiano Passion IV Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианистер байқауының (жобаның көркемдік жетекшісі – Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуев) лауреаты Иван Бессоновтың қатысуымен «Көктем симфониясы» концерті өтеді.

Astana Рiano Passion байқауы жас орындаушыларды қолдап қана қоймай, халықаралық деңгейде шығармашылық байланыстарды арттырып, классикалық музыканы дәріптейтіні белгілі. Байқаудағы жеңісі үшін бірінші жүлде лауреаты атанған Иван Бессоновқа «Астана Опера» театрының Үлкен залында симфониялық оркестрмен бірге өнер көрсетуге арналған сертификат табыс етілді.

 

Иван Бессонов 2002 жылы Санкт-Петербургте туған. Алты жасынан фортепианода ойнай бастады. Санкт-Петербургтегі «Адамзатқа жолдау» халықаралық фестивалінде премьерасы өткен Виктор Косаковскийдің «Ветрянка» деректі фильміне музыка жазған (2005). Санкт-Петербург музыкалық лицейінде жыл сайын ұйымдастырылатын этюд байқауының Бас жүлдесін алты рет жеңіп алған (2010-2015).

2015 жылы Фредерик Шопен атындағы Халықаралық жасөспірімдер байқауының Бас жүлдесін (Санкт-Петербург), 2016 жылы А.Г.Рубинштейн атындағы «Орыс музыкасындағы миниатюра» Халықаралық байқауының І сыйлығын (Санкт-Петербург), Санкт-Петербург үкіметінің «Жас дарын» сыйлығын, Grand Piano Competition Халықаралық жас пианистер байқауының лауреаты атағын және көрермендер көзайымы жүлдесін (Мәскеу) жеңіп алды. Мемлекеттік Кремль сарайында өткен «Джаз ойындары» концертіне қатысты. 2016 жылдың жаз-күз айлары Ресей қалаларында гастрольдік сапармен болды.

 

Бағдарлама:

 

Н.А.Римский-Корсаков. «Шехеразада» симфониялық сюитасы, оp. 35

1 бөлім. «Теңіз бен Синдбад кемесі»

2 бөлім. «Календер ханзаданың хикаясы»

3 бөлім. «Ханзада мен ханшайым»

4 бөлім. «Бағдаттағы мереке».

 

П.И.Чайковский. Фортепиано мен оркестрге арналған №1 концерт, си-бемоль минор, ор. 23

1 бөлім. Allegro non troppo e molto maestoso – Allegro con spirit

2 бөлім. Andantino semplice – Prestissimo

3 бөлім. Allegro con fuoco

 

Орындаушылар:

«Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі

Солист – Иван Бессонов (фортепиано, Ресей)

Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 40 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады