Летние развлечения на Ticketon.kz
тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(31)258-65-65 (Бишкек) +996(77)757-17-71

Shine Astana

2017/2018                   Үлкен зал                  V маусым

2 шілде * дүйсенбі * 19.00

Карл Дженкинс

Салтанатты ода

SHINE ASTANA

(«Жарқыраған Астана»)

Астананың 20 жылдығына орай орасан зор мәдени оқиға!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2018 жылдың 2 шілдесі күні «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында дүние жүзіне танымал британдық композитор Карл Дженкинстың SHINE ASTANA («Жарқыраған Астана») салтанатты одасының премьерасы өтеді.

Тыңдарманды ерекше ғажайып күтуде – Қазақстанның барлық аймағынан келген симфониялық оркестр мен хор әртістерінен құралған мыңдаған музыкант өнерсүйер қауымды бір қуантпақ. Сонымен қатар, осынау ауқымды вокалдық-симфониялық шығарманы орындауға әртүрлі ел музыканттары қатысады, олардың ішінде Карло Феличе (Генуя) театрының итальяндық әртістері де бар. Америкалық опера дивасы Энджел БЛУ (сопрано) мен танымал қазақстандық тенор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет ШОТАБАЕВ солист ретінде өнер көрсетеді. Музыканттардың мың қаралы ұжымға дарынды қазақстандық дирижер, өнерін әлем мойындаған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан БӨРІБАЕВ жетекшілік етеді.

Бірнеше ел музыканттары, заманауи ұлттық мәдениет өкілдерінің өзара жанды серіктестігі ғажайып шығармашылық жаңалықтарға бастау бола алады.

Британдық композитор Карл Дженкинс Classic FM радиосының нұсқасы бойынша қазіргі заманның ең танымал композиторларының ондығына кіреді. Оның музыкасы Ұлыбритания мен Еуропада ғана емес, бүкіл әлемге кеңінен танылған. Алғаш рет Карл Дженкинс Қазақстанға 2004 жылы келді. Дәстүрлі қазақ музыкасының өзіне тән әсемдігі композиторға Ұлы Дала еліне арналған біртума шығармалар («Абай», «Шәкәрім», «Тілеп», «Туған жер») жазуға шабыт берді.

Өзінің жаңа туындысы SHINE ASTANA партитурасында Карл Дженкинс Codex Cumanicus («Қыпшақ тілінің сөздігі» XIV ғасырдың басындағы қыпшақ (көне қыпшақ) тілінің жазбаша ескерткіші) әуенін; қазақ ән-күйлерінің, сондай-ақ Қазақстанға арнап бұған дейін жазған шығармаларының үзінділерін сәтті пайдаланған.

 

«SHINE ASTANA» салтанатты одасы 4 бөлімнен тұрады:

I бөлім

«Ұлы Даланың қасиетті шежіресі»

 

II бөлім

«Бабалар аманаты»

 

III бөлім

«Болашаққа бастау»

 

IV бөлім

«Мәңгілік Ел салтанаты»

 

Ұзақтығы 1 сағат 15 минут