Курс Разии Хасановой «В главной роли»
тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(31)258-65-65 (Бишкек) +996(77)757-17-71

Күлеміз бе, жылаймыз ба!?...

Бүгінгі күнгі бір отбасындағы ахуал бейнеленетін спектакль оқиғалары ащы күлкіге толы. Ұл мен қыз, келін мен күйеу бала, немерелерге дейін шетелдік есімді иеленген, құндылықтары да өзгерген бұл отбасы – кезіндегі кеңестік көзсіз интернационализмнің  бүгінгі зардабының нақты  көрінісі. Ұлттық болмысынан ажыраған ұл мен қыз, олардан өтіп туған немере мен жиен, күлкілі көрінетін қылықтары… «Өз қолын өзі кесе алмай отырған» ата-ананың өзек өртеген  өкініштері…  Қысқасы, бір отбасының, демек, қазіргі қазақ қоғамының да комедияландырылып  көрсетілген қасіреті. «Тәрбие – тал бесіктен». Әрбір отбасы, әрбір өтеннің мықтылығы – ел мықтылығының бір кепілі. Ойланайық, ағайын.