Scorpions в Алматы
тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

Итальяндық классика

2016 / 2017                   Үлкен зал           IV маусым

24 маусым * сенбі * 18.00

«Итальяндық классика»

Classica all italiano

«Астана Опера» Үлкен залында ЭКСПО-2017 мәдени бағдарламасы аясында «Итальяндық классика» атты концерт өтеді.

Концертке жас итальяндық пианист, Piano FVG-2016 халықаралық байқауының жеңімпазы Стефано Андреатта және «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі қатысады. Дирижері –Эдди де Надаи (Италия).

Стефано Андреатта – Кастельфранко-Венето қаласында орналасқан маэстро Франческо Бенчивенг басқаратын Агостино Стеффани атындағы консерватория түлегі. Густаво Ромеро, Риккардо Рисалити, Андреа Луккезини, Анна Кравченко тәрізді әйгілі әртістердің шеберлік сабақтарының қатысушысы.

2014 жылы С.Прокофьев және Д.Кабалевский жұмыстарының негізінде «Кеңестік Ресейдегі оқу және білім аспектілері» тақырыбы бойынша диссертация қорғады.

Стефано Андреатта – Италия, Испания, АҚШ және басқа елдердегі пианистердің көптеген халықаралық байқауларының лауреаты және жүлдегері.

2007 жылдан бастап Венето қаласының филармония оркестрі, «Нова Амадеус» Камералық оркестрімен және басқалармен бірге солист ретінде өнер көрсетуде.

Қазіргі таңда Италия мен шетелде солист және камералық музыка орындаушысы ретінде концерттер беріп жүр.

Эдди де Надаи – итальяндық дирижер әрі пианист. Ұзақ жылдар бойы педагог-концертмейстер және режиссердің көмекшісі ретіндеИталияныңтүрлі театрларында жұмыс істеген. 2003 жылыВенгерсимфониялық оркестріменПеч қаласында (Венгрия) дирижер ретінде алғаш өнер көрсетті. 2004 жылы Измирде (Түркия) Дж.Россинидің «Севильдікшаштараз», В.Беллинидің «Норма», Дж.Вердидің «Риголетто» операларының қойылымдарына қатысты.Содан берітүрлі елдерде көптеген опералық қойылымдар мен опера-симфониялық бағдарламаларға дирижерлік етті.

Бағдарлама:

Дж. Россини. «Ала қанат сауысқан» операсына увертюра

Ф. Лист. Фортепиано мен оркестрге арналған №2 концерт, ля мажор

Дж. Верди.«Тағдыр күші» операсына Увертюра

Дж. Верди.          «Жыл мезгілдері» («Сицилия кешкілігі» операсынан енгізілген нөмірлер)

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады