Летние развлечения на Ticketon.kz
тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(31)258-65-65 (Бишкек) +996(77)757-17-71

Жануарлар карнавалы

2018 / 2019 Камералық зал VІ маусым

24 ақпан * жексенбі * 12.00 (ағылшынша)

Камиль Сен-Санс

«ЖАНУАРЛАР КАРНАВАЛЫ»

(Хайуанаттар туралы қиял-ғажайып шығарма)

(ағылшын тілінде)

 

«Астана Опера» театры қызықты шығармашылық жоба – балаларға арналған әдеби-музыкалық концертін ұсынады. Ең танымал шығармалардың бірі – Француз композиторы Шарль-Камиль Сен-Санстың «Жануарлар карнавалы» сюитасы орындалады. Балалар симфониялық оркестр аспаптарының дыбыстарымен танысып, олардың жануарлар мен құстардың дауысына қалай еліктей алатынын, қылықтарын қалай дәл келтіретінін естиді. Әртістермен бірге балалар қалалық ханиуанаттар бағында өтетін Жануарлар карнавалына барып қайтады.

Алғаш рет сюита 1886 жылдың 9 наурызында орындалды. Бұл шығарманы тек әзіл ретінде есептеген Сен-Санс «жеңіл» музыка авторы атанудан қорқып, көзінің тірісінде оны басып шығаруға тыйым салады. Сөйтіп, «Жануарлар карнавалы» 1921 жылы композитор қайтыс болғанға дейін, тек жеке үйлер мен салондарда ғана орындалып жүрді.

Сен-Санс сюитаның жалғыз бөлімі – виолончель мен фортепианоға арналған «Аққу» пьесасын ғана басып шығаруға рұқсат берді, ол автордың көзі тірісінде музыканттардың репертуарына тұрақты енген болатын. Оның танымалдығына көбіне Михаил Фокиннің ұлы балерина Анна Павловаға арнап қойған «Өліп бара жатқан аққу» хореографиялық миниатюрасы себеп болды.

Жалпы «Жануарлар карнавалы» әзілге толы, оның кейбір бөліктерінен танымал музыкалық шығармаларға ұқсастық немесе олардан үзінділер естуге болады.

 

ОРЫНДАЙТЫН:

«Астана Опера» Камералық ансамблі. Дирижері – Руслан Баймурзин

Музыкатанушы – Лира Бекболатова

 

Лира Бекболатова – музыкатанушы, өнертану ғылымдарының магистрі, Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы қоры стипендиясының иегері.

Музыкалық журналистикаға арналған «Музыкалық сандықша» халықаралық байқауының (Ташкент, Өзбекстан) Бас жүлде иегері, «Алтын-Арт» жас композиторлар байқауының жеңімпазы (2018).

Tengrinews журналисі, Harpers Bazaar, Esquire Magazines колумнисі, мақалалары Boop.it. итальяндық баспаларында жариялаған.

Қазіргі уақытта Ла Сапиенца Рим университетінің философия және гуманитарлық ғылымдар факультетінде Scienze della Moda (Fashion Studies)

мамандығы бойынша білім алуда, сондай-ақ итальяндық музыкатанушылар және «PiuPop» арт-ұйымымен бірлесіп білім беру жобасын әзірлеуде.

 

 

Ұзақтығы – 50 минут