Scorpions в Алматы
тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

Folk & Classic

«FOLK & CLASSIC»

концерті

2017 жылғы 19 мамырда белгілі қазақстандық музыканттардың орындауында Вивальдиден бастап Пьяццолаға дейінгі классиктердің шығармалары, сонымен қатар ұлттық музыка жауһарлары шырқалатын «Folk & Classic» атты концерт өтеді.

            Концерт қатысушылары:

Ләйлә Тәжібаева-Исаева, халықаралық байқаулардың лауреаты (прима қобыз)

Бағдат Әбілханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

Айсұлу Бәйкенова, Мәдениет қайраткері (скрипка)

Жанар Ахатова, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты (альт)

Курванжан Ахатов, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты (виолончель)

«Q квартеті» қобызшылар квартеті

Концертмейстер – Айжан Омарова

Ләйлә Тәжібаева-Исаева – халықаралық байқаулардың лауреаты, World Championship of Performing arts (Лос-Анджелес, АҚШ) алтын алқаларының иегері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы ретінде 20 жылдық шығармашылық тәжірибеге ие.

Концерт бағдарламасында А.Вивальди, М. де Фаль, Дж.Керн, П.Чайковский, Г.Венявский, Р.Щедрин, И.Фролов, А.Пьяццолланың, сондай-ақ Құрманғазы, Махамбет, К.Мусин, Ғ.Жұбанова, Т.Қажығалиев, К.Дүйсекеев, А.Бестібаев, А.Жайым және Б.Аманжоловтың, тағы басқа композиторлардың шығармалары орындалады.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады