Туры выходного дня
тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(31)258-65-65 (Бишкек) +996(77)757-17-71

Басқаша Түймеқыз Алматыда

Билеттерді сатып алу

Другая Дюймовочка в Алматы

Көрермендердің бірі «Басқаша Түймеқыз» спектаклін тіпті жүйкені анестезиясыз жұлдырумен салыстырған! Бірақ кейін – бақыт! Қадам жасаңыз. Қанаттар – үлкен, ақ түсті, мықты, - олар бар. Біз бәріміз қанатты болып туыламыз. Сіз ұшып кетесіз! 

«Басқаша Түймеқыз» спектаклі – әрқайсымыз жайлы. 
Өзінің әділдігіне сенімді жандар да, адасып жүргендер де туралы. Басында тілалғыш бала және «жылы жүзді адам» болып жүріп, кейін бастысы басқаларға ұнау емес, өзіне сенімді болуы екенін түсінгендер жайлы. Қойған мақсатына жету жолында бәрін ойрандатса да өз дегеніне жетуді ойлаған жандар туралы. Таланты бар болса да, ешқайда бармай отырғандар да жайлы. Өзін жалғыз сезініп жүргендер туралы. Шаршаған, өзіне сенімі жоғалған адамға үміт беріп әрқашан қол ұшын созуға дайын адамдар да жайлы. Ол жалған және шынайы мақсаттар, ақша мен махаббат, махаббат пен бір-бірін пайдалану, қабылданған шешімдер үшін сазайын тарттыру және өмірде өз орнын табу бақыты туралы.

«Басқаша Түймеқыз» спектакліне келіңіздер. Мұндай ертегіні сіз әлі көрген жоқсыз (кіру тек 16+ көрермендерге ғана рұқсат) Күтеміз! 

Назар аударуыңызды сұраймыз: үшінші қоңыраудан соң көрермен залына кіру есігі жабық болады.