Jullien Dassin
тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

Бір шаңырақ астында!

Қазақстан халықтары бірлігі Күніне

«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА!»

мерекелік концерті

«Под единым шаныраком!»

1 мамыр күні «Астана Опера» театрының Үлкен залында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында!» концерті өтеді.

Концертте театрдың опера және балет солистері, хоры мен оркестрі қатысады.

Бағдарлама Е. Рахмадиевтің «Дайрабай» симфониялық күйімен ашылады. Тамаша хордың қатысуымен «Абай» және «Біржан – Сара» операларынан алынған әсерлі көріністерде – солистер Татьяна Вицинская мен Талғат Ғалеев өнер көрсетеді. Қазақ композиторларының танымал ариялары, дуэттері мен әндерін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев, Евгений Чайников, Рамзат Балакишиев, Роза Нүркей және басқалар орындайды.

Балет әртістері Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» және М. Төлебаевтың «Біржан – Сара» операларынан алынған «Шашу» мен «Мереке» билерімен көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Көрермендер арасында танымал Л. Минкустың «Баядерка» балетінен жалынды «Үнді биі», П. Чайковскийдің «Аққу көлі» балетінен Орыс биі және «Тарас Бульба» операсынан Ф. Николаевскийдің гопак билері үлкен әсер қалдырары сөзсіз. Орындаушылар: жетекші солистер – Әнел Рүстемова, Бақтияр Адамжан, солистер – Арман Оразов, Серік Нақысбеков, балет әртістері – Назира Заетова, Асқар Саржанов, Николай Коршунов.

Қонақжай қазақ жерінде, бір шаңырақ астында ертеден тату-тәтті өмір сүріп жатқан көптеген этностардың өнері көпшілікке: орыс халық әні «Вдоль по Питерской» (Болат Есимханов), белорусь әні «Купалинка» (Елена Ганжа), башқұрт әні «Хандугас» (Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова), казақ әні «Еркем-ай» (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзак және Салтанат Мұратбекова), сонымен қатар Р. Щедриннің «Не только любовь» операсынан Варвараның шумақтары (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина), Камералық хордың орындауында қазақ әндері тақырыбына попурри және тағы басқа шығармалар арқылы паш етіледі.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады