Scorpions в Алматы
тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

«№13» КОМЕДИЯСЫ

Қазақконцерт «№13» комедиясына шақырады!

 «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры сахналайтын Р. Кунидің «№13» комедиясында қоғамның игілігі үшін қызмет атқарудың орнына демалуды ұйғарып, бес жұлдызды қонақүйдің 13-нөмірінде өзінің саяси қарсыласының хатшысымен құмарлыққа бой алдырған Ричард Уиллидің басынан өткен оқиғасы баяндалады. Күтпеген жерден әуесқойлар нөмір терезесінде өлген адамның денесін табады. Осы сәттен барлық қызық басталады...

Сан алуан жанрларды біріктірген спектакльде шиелініске толы әрекеттердің қайталануы, саяси оқиғалардың көрініс табуы көрермендерді әр түрлі эмоцияға бөлеп, таңғалдырары анық. Кейіпкерлердің барлығы және жеке-жеке образдар жағымды әсер қалдырады. Бұл шытырман оқиға ақ пен қара, жақсы мен жаман жайлы ойтолғау мақсатында емес, тек күлкі сыйлау мақсатына негізделген.

Ағылшын драматургы Р. Кунидің «№13» пьесасы - бүкіл әлем театр сахналарының сәніне айналған сәтті туынды. Британ театрының алтын қорына ХХ ғасырдағы ең үздік ағылшын комедияларының бірі ретінде енген пьеса.

Р. Кунидің пьесасының желісімен сахналанған спектакльдің режиссері әрі театрдың көркемдік жетекшісі Е.Нұртазин арнайы жазылған музыкалық партиялар арқылы әр кейіпкердің мінезін ашуға баса назар аударған.

Дарынды режиссура театрдың жетекші әртістері – А.Байтілеу, А.Өмірзақов, А. Ақипбаев, А. Қапиз, З. Таштаева, А. Шәуенов, А. Құсайынова, З. Макина, М. Рахымберген, Н. Абдураев, С. Макулбаев және Б. Бағытжановтың талантты актерлік ойынымен әдемі өрілген.

Режиссердің қиялы актер өнерінің еркіндігімен ұштасқан бұл қойылым сізге көтеріңікі көңіл-күй сыйлайтыны анық. Еліміздің абыройын асқақтатып жүрген театрымыздың 13-бөлмедегі қызықтарын тамашалауға шақырамыз!