Теперь вы можете подписаться на анонсы Ирина Кайратовна
Мы можем уведомить Вас о выходе новых событый.

Ирина Кайратовна

Ирина Кайратовна

Мамандықтар

Ирина Кайратовна - YouTube желісіндегі әзіл-сықақ шоуы, сонымен қатар миллиондаған қаралым жинайтын музыкалық топ.

Шығармашылық жолы

Топтың іргесі 2017 жылы қаланып, жігіттер әзіл-сықақ бейнероликтер түсіре бастады. Олар шоудың атауын: «Терең ойланбай, топтың атын жай ғана қоя салғанбыз» деп түсіндіреді.

Топ төрт адамнан тұрады: Жасұлан Оңғаров, Азамат Маркленов, Алдияр Жапарханов, Илья Гуменный. Жігіттер университетте оқып жүргенде танысты. Студенттік жылдары олар КВН тобында ойнап, Сочи Лигасына дейін жеткен. Олар өздерінің ең 1 шығарылымын режиссерді және монтаждаушыны шақырып жасаған болатын. Бұл бейнебаян 10 000-нан астам қаралымға иеленіп, бірден бірден танымал болды. Жобаның танымалдығы қарқынды дами бастады. 2019 жылы жарияланған «БЕГИ» синглдерінің бірін 736 000 адам көрді. Мұндай көрсеткіштерімен топ өте танымал және сұранысқа ие бола бастады. «Subzero» шығарылымын 1,3 миллион адам қарады. «Ирина Қайратқызы» шоуының 12-ші шығарылымын 1,1 миллион адам тамашалады. «5000» бейнеролигі YouTube желісінде 10 миллионнан астам қаралымға ие болды, ол пара мен «қара» билік мәселесін көтереді.

Ұжым көп тапқан ақшасын қайырымдылыққа береді. Мысалы, Алдияр Жапарханов көп балалы отбасыларға арналған үйлер салған.

Қуаныш Бейсеков - топтың режиссері, ештеңеден қорықпайтынын мойындап, жолдастары мен көрермендеріне өнердегі батылдық пен шығармашылық еркіндікті таратуға ұмтылады. Олардың әндерінің мазмұны көп сынға алынады, себебі ән сөздерінде балағат сөз бен «қара әзіл» жиі кездеседі, көбіне мұндай әзіл түрі ерсі көрінеді. Топтың аудиториясы айтарлықтай жас адамдар, әрбір шоу мен бейнебаянды асыға күтетін жас буын.
Күлкілі шығарылымдармен қатар әндер де жазады, бірақ барлық әндер сатира болып табылдмайды. Көптеген бейнебаяндары, сондай-ақ әндері зор мағынаға ие және біздің өміріміздің көптеген мәселелерін көтереді.

2021 жылы 13 мамырда ұжым Юрий Дудьқа сұхбат берді.

Қазіргі уақытта топ шоу үшін жаңа бейнелер, сондай-ақ әндер жасау бойынша жұмыс жүргізуде.