Теперь вы можете подписаться на анонсы Зейкенов Иманбек Маратұлы
Мы можем уведомить Вас о выходе новых событый.

Зейкенов Иманбек Маратұлы

Зейкенов Иманбек Маратұлы

Туған күні
21.10.2000 (23), Ақсу қаласы, Павлодар облысы
Мамандықтар

Зодиак белгісі
таразы

Қызметі
DJ және музыкалық продюсер


Бүкіл әлемді сен туралы қалай сөйлету керек? Бұл сұрақтың жауабын қазақстандық DJ Imanbek біледі. Сұхбаттарының бірінде ол музыка бірінші кезекте ақша үшін емес, жан үшін жасалуы тиіс деген ойымен бөлісті. Бар жан-тәніңді салсаң, міндетті түрде жемісін жейсің деп бөліседі сазгер.

Шығармашылық жолы

Иманбек бала кезінен музыкаға әуестене бастаған, әкесі оның бойында гитара ойнауға деген қызығушылықты оятқан екен. Мектепте оқыған кезінде Иманбек өз шеберлігін жетілдірсе де, оқуын бітірген соң музыкалық емес, теміржол колледжіне түсті. Диджейдің өзі айтқандай, музыканы көп жағдайда ата-анасының қолдауының арқасында тастаған жоқ.

2017 жылы Иманбек өзін-өзі оқытумен белсенді айналысты. Ол «Ютубта» тақырыптық роликтерді қарап, future bass, deep house, hip-hop және tropical house стильдеріндегі музыканы көптеп тыңдады. FL Studio бағдарламалық жасақтамасымен жұмыс істеуді үйреніп, алғашқы ремикстерді жасай бастады.

SAINt JHN «Roses» әніне тап болғанда, оны бірден өңдегісі келген екен. Оған SAINt JHN-ның өзіндік орындауы ұнады. Бірақ өңдеменің қорытынды нұсқасы Иманбекке ұнамаған екен. Дегенмен, ол өз парақшасына өңдемені салып қояды. Бір тәулікке жетпей мыңдаған адамның ремикске лайк басқанын көргенде таң қалғанын жасырмайды. Ән желіде тез тарап, көптеген тыңдалымға ие болды.

TikTok арқылы 3 миллионнан астам видео түсірілді. «Ютубта» ол 150 млн қаралым жинап, U.S. Billboard Hot 100 бестігіне енді. Бірақ оның салтанатты шеруі мұнымен аяқталған жоқ.

2020 жылдың күзінде Imanbek үздік ремикс ретінде Grammy сыйлығына ұсынылды, ал 2021 жылдың наурызында ол жеңімпаз атанды.

Imanbek ремикстерді, сондай-ақ алғашқы жеке тректерді жазуды жалғастырады. Оның диджейлік жобасы табысты гастрольдік сапарлар жасауда.

Иманбек: жеке өмірі

Бос. Қарым-қатынас орнатуға әлі ерте деп санайды, қазір көбінесе жұмысқа бағытталады.

Қызықты фактілер

  1. Трек шыққаннан кейін 55 миллион теңгеден астам табыс тапты.
  2. «Roses» әлемнің жеті елінің музыкалық чартында 1-ші орында болды.
  3. Темір жолда сигналшы болып жұмыс істеді.
  4. Туған қаласынан көшуді жоспарлап отырған жоқ.
  5. Алғашқы тапқан ақшасына машина сатып алды.