Теперь вы можете подписаться на анонсы Денис Никиша
Мы можем уведомить Вас о выходе новых событый.

Денис Никиша

Денис Никиша

Туған күні
07.08.1995 (29), Қостанай, Қазақстан
Мамандықтар

Денис Никиша - таяуда Әлем кубогының жалпы есебін жеңіп алған қазақстандық спортшы, шорт-трекші.


Денис Никиша - таяуда Әлем кубогының жалпы есебін жеңіп алған қазақстандық спортшы, шорт-трекші. Ұлттық құраманың капитаны, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, үш Олимпиада ойындарының қатысушысы (Сочи-2014, Пхенчхан-2018, Пекин-2022). Әлем кубогының, әлем және республика чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. 500 метрге Қазақстан Республикасының рекордының иегері (Солт-Лейк-Сити, 2022)

Өмірбаяны

Денис Қостанай қаласының тумасы, 1995 жылы 7 тамызда дүниеге келген. Денис бала кезінен спортты ұнататын, бірақ конькимен айналысуға хобби ретінде қараған және кәсіби түрде айналысуды жоспарлаған емес. 18 жасында Сочидегі Олимпиада ойындарына барып, өз тағдырын дәл осы спортпен байланыстыруды ұйғарды.

2022/2023 маусымындағы жетістіктері:

500 метр қашықтықта Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы
500 м, 2000 м қашықтықта Қазақстан Республикасы Кубогының іріктеу чемпионы
2022 жылғы қыркүйекте Канаданың Монреаль қаласында 5000 метр қашықтықта шорт-тректен Әлем кубогының күміс жүлдегері
2022 жылғы қазанда АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында 500 метр қашықтықта шорт-тректен Әлем кубогының күміс жүлдегері
2022 жылғы желтоқсанда Қазақстан, Алматы қаласында 500 метр қашықтықта шорт-тректен Әлем кубогының күміс жүлдегері
2022 жылғы желтоқсанда Қазақстан, Алматы қаласында 500 метр қашықтықта шорт-тректен Әлем кубогының қола жүлдегері
2022 жылғы желтоқсанда Қазақстан, Алматы қаласында 500 метр қашықтықта шорт-тректен Әлем кубогының чемпионы
2023 жылғы ақпанда жалпы есептің жеңімпазы және Әлем кубогының алты кезеңі сомасында 500 метр қашықтықта ISU әлемдік рейтингінің көшбасшысы

Қызықты фактілер:

Ұлттық құраманың капитаны, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, үш Олимпиада ойындарының қатысушысы (Сочи-2014, Пхенчхан-2018, Пекин-2022).
 Әлем кубогының, әлем және республика чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.
500 метрге Қазақстан Республикасының рекордының иегері (Солт-Лейк-Сити, 2022)