ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Балқаш
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Би театрының гастрольдері. «Аққу көлі» балеті Ақтау қаласында

Би театрының гастрольдері. «Аққу көлі» балеті Ақтау қаласында

Сипаттама
Күні: 09 Қазан 2024 Уақыты: 19.00 Жанр: балет Ұзақтығы: 1 сағат 15 минут Жас шектеуі: 6+ Қосымша: Құрметті өнер сүйер қауым! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрының 57 маусымына орай Батыс Қазақстанның үш қаласында гастрольдер өтпек. Ақтау, Атырау және Ақтөбе қалаларының тұрғындары мен қонақтарына балет әлемінің шебері Болат Аюхановтың сахналық нұсқасындағы П.И.Чайковскийдің «Аққу көлі» музыкасына балет ұсынылады. «Аққу көлі» балет спектаклі Болат Аюхановтың алтын қорына кіреді. П. И. Чайковский - «Аққу көлі» 3 актілі балет Л. Иванов, М. Петипа хореографиясы, Б. Аюхановтың сахналық нұсқасы Көл үстінен аққулар тобы ұшып барады, сөйтәп Ханзада көлге қарай беттейді. Ханзаданың көз алдында аққулар сұлу қыздарға айналып шыға келеді. Аққулардың патшайымы Одетта ханзадаға өзінің және құрбыларының Ротбарт есімді зұлым сиқыршының құрбаны екенін сыр шертеді. Тен түнде ғана, осы көлдің жағасында арулар өз кейіптеріне қайта оралады екен. Сұмдық сиқырдың күшін шынайы махаббат қана жоя алады. Өз сезімдерін басқа қызға білдірмеген жігіт өзінің сүйіктісін зұлым күштің арбауынан құтқара алады. Зигфрид Одеттаның сұлулығына тәмсанып, оның құтқарушысы болуға асығады. Ғашық жігіт оған өзінің шынайы сезімдерін білдіріп, мәңгі махаббатын ант етеді. Таңсәрі уақыты таяп келді. Одетта сүйіктісімен қоштасып, құрбыларымен бірге ұшып кетеді. Көл бетіне қайтадан аққулар тобы ұшып келеді. Патша сарайында - үлкен бал, Ханзаданың кәмелеттігін салтанатты түрде тойлау жүріп жатыр. Бұл балда Зигфрид өзіне қалыңдығын түбегейлі таңдауы керек. Қонақтар келеді, нөкерлерімен бірге қалыңдықтар да келіп қалды. Ханзада әр қалыңдықпен билеп шығады. Кенеттен сарбаз сүйемелдеуімен көркем ару пайда болады. Одиллияның Одеттаға ұқсастығы ханзаданы сиқырға арбап, сұлу алдамшы қызға өзінің мәңгілік махаббаты туралы антын береді. Аққу көлі. Одетта мен оның құрбыларының үміті үзілген, аққу қыздарды ештеңе де құтқара алмас. Ханзада пайда болып, Одеттадан кешірім сұрады. Алайда бәрі де кеш, ант бұзылған, аққу қыздар сиқырдың күшінен арыла алмады. Зұлым сиқыршы Одеттаны алып кетеді де, барлық аққу қыздар көлден кетеді. Ханзада бар үмітін жоғалтып, жартастан секіреді. Ротбарт болса жеңіске жетеді. *Балет аудиожазба сүйемелдеуімен орындалады *Театр орындаушылар құрамына өзгерістер енгізуге құқылы *Көрермендер залында сатып алынған билеттерге сәйкес орналасуларыңызды сұраймыз
Толық оқыңыз
  • Күні

    09 Қазан 2024

  • Уақыты

    19.00

  • Жанр

    балет

  • Ұзақтығы

    1 сағат 15 минут

  • Жас шектеуі

    6+

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 9
    Қазан
    Сәрс
    ГДК им. Абая
    Зал
    бастап 1000
    бастап 1000