Scorpions в Алматы

Австрия музыкасы

Цикл

«Қазақквартетпен әлемге саяхат»

(Австрия музыкасы)

2017 жылғы 30 мамырда Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты, сопрано Нұржамал Үсенбаеваның қатысуымен, белгілі ұжым – Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концерті өтеді.

Бұл ұжым – Қазақстанның ғана емес, көптеген әйгілі музыкалық форумдарда жоғары атақтар пен марапаттарға ие болып жүрген, әлемнің үздік камералық ансамбльдерінің бірі. Ғ.Жұбанова атындағы квартет жоғары орындаушылық шеберлігімен, техникасының өрнектілігімен, тек дарындылықпен ғана емес, маңдай тер еңбектің арқасында келетін таза, әрі үйлесімді үнімен ерекшеленеді.

Квартет «Астана Опера» Камералық залында «Қазақквартетпен әлемге саяхат» циклінің концерттер сериясын Австрия композиторларының музыкасымен жалғастырады. Бағдарламада ұлы романтик-композитор Франц Шуберттің және ХХ ғасырдағы заманауи музыка тілін жасаушылардың бірі, жаңашыл Арнольд Шенберг шығармалары орындалады.

Шенберг шығармашалығы мен музыка тарихындағы тұтас кезеңге баланатын туынды – Екінші ішекті аспаптар квартеті (1908) шырқалады. Осы туынды XIX ғасырдағы романтизм мен ХХ ғасырдың басындағы модернизм белгілерін байланыстырады. Екінші ішекті аспаптар квартетінің айрықша ерекшелігі – шығарманың үшінші және төртінші бөлігіне сопрано пратиясын енгізу болып табылады. (Солист – Нұржамал Үсенбаева).

Әртістер қай жерде өнер көрсетсе де, концерт бағдарламасы қандай болса да  олар қазақ композиторларының шығармаларын міндетті түрде орындайды.

Бағдарламада:

А.Шенберг. №2 ішекті аспаптар квартеті, фа-диез минор (сопраномен), op. 10

Ф.Шуберт. «Өлім мен ару» ішекті аспаптар квартеті, ре минор, №14

Махамбет. «Жұмыр қылыш»

Ішекті аспаптар квартеті:

Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка)

Алексей Лебедев (2-ші скрипка)

Бекзат Сайлаубайұлы (альт)

Ернар Мыңтаев (виолончель)

Көркемдік жетекшісі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады