rebranding

Спартак

Арам Хачатурян

«СПАРТАК»

3 бөлімді балет

 

Қоюшы хореограф – КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтар лауреаты Юрий Григорович. Қоюшы суретші – КСРО Халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтар лауреаты Симон Вирсаладзе.

Дирижер – Арман Оразғалиев

 

1941 жылдың желтоқсанында Ұлы Отан соғысының ең қайғылы күндерінде әйгілі армян композиторы Арам Хачатурян «Спартак» балетін жазуға кірісті. Композитордың пікірінше, Спартактың ержүрек бейнесі мен көне Рим құлдарының көтерілісі туралы тақырып ерекше маңызға ие: «Халықтар адамгершілік тарихы таңында өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен адамдарды біліп, оларды еске алуы керек».

Терең мазмұнға ие «Спартак» балеті – шапқыншылық пен жәбірленушілікке қарсы күрес, трагедиялық қайтымсыз ашу, өшпес ерлік туралы шынайы поэма.

«Спартак» премьерасы 1956 жылдың 27 желтоқсанында Киров атындағы Ленинград опера және балет театрында (Мариин) кеңестік кезең балетмейстерінің бірегейі Леонид Якобсонның қойылымында өтті.

1968 жылы Мәскеудің Үлкен театрында кеңестік балеттің шебері Юрий Григорович «Спартактың» жаңа қойылымын жүзеге асырды. Ол Л. Якобсон қойылымынан үлкен психологизмімен, қайғылы шиеленісімен ерекшеленді. Әйгілі театр суретшісі Симон Вирсаладзенің жұмысы да мінсіз болды. «Спартак» балеті – музыка, хореография және сурет өнерлерінің шынайы үйлесімділігінің үлгісі болып табылады.

Міне, бірнеше онжылдықтар бойы «Спартак» балеті әлемнің көптеген театрлар репертуарының бет бейнесі болып келеді.

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Спартак – Бақтияр Адамжан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Фригия – Әйгерім Бекетаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Красс – Тайыр Ғатауов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Эгина – Гауһар Усина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Ұзақтығы – 3 сағат (екі үзіліспен)