Scorpions в Алматы

«Музыкалық өнер жауһарлары»

2018/2019 Үлкен зал VI маусым

2 наурыз * сенбі * 18.00

Концерт

«Музыкалық өнер жауһарлары»

 

«Астана Опера» әлемдік музыка өнері жұлдыздары – дирижер Илья Машкевич (Бельгия), «Астана Опера» солисі, сопрано Мария Мудряк (Қазақстан – Италия), тенор – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Чотабаев және театрдың симфониялық оркестрінің қатысуымен «Музыкалық өнер жауһарлары» ауқымды концертін ұсынады.

Илья Машкевич – белгілі дирижер әрі композитор. Фрунзе қаласында (Бішкек) дүниеге келген, Санкт-Петербор консерваториясын тамамдаған (оркестрлік дирижирлеу бойынша профессор И.А.Мусинның сыныбы).

Дирижерлік еңбек жолын Қырғыз Радио және Телевидениесінің симфониялық оркестрі мен Қырғыз опера және балет театрында бастаған. 1987 жылы Қырғыз филармониясының негізінде Камералық оркестр құрды.

1990 жылдан шығармашылық мансабын Израильде, кейін қазіргі тұрып жатқан жері Бельгияда жалғастырған. Ресей, Жапония, Франция, Германия және т.б. елдерде шақырылған дирижер ретінде белсенді гастрольдік қызметін жүргізеді. Шеберлік сабақтарын өткізіп, театр және киноға арналған музыка жазады.

 

Мария Мудряк – «Астана Опера» театрының солисі, Дж.Верди атындағы Милан мемлекеттік консерваториясының түлегі, «Болашақ» президенттік стипендиясының иегері.

Италияның опера театрлары, Ресейдің Үлкен театры, Литва ұлттық опера және балет театры (Вильнюс), Маскат Корольдік опера театры (Оман), Валлония Корольдік театры (Льеж, Бельгия) т.б. сахналарында өнер көрсетті. Көптеген марапаттарының ішінде – Пласидо Домингоның «Опералия» халықаралық вокалистер байқауының ІІІ сыйлық лауреаты атағы бар (2017).

 

Медет Чотабаев – Рената Тебальди мен Марио дель Монако атындағы академияның түлегі (Пезаро, Италия). 2013 жылдан бері «Астана Операның» жетекші опера солисі.

Финляндия, Румыния, Франция және Қазақстандағы халықаралық вокалистер байқауларының Гран-при иегері; Глинка атындағы XXIII халықаралық байқаудың І сыйлығы әрі үздік тенор ретінде арнайы сыйлығының лауреаты (Мәскеу, 2009), Италия Жұлдызы Орденінің кавалері (2018), «Қазақстанның 100 жаңа есімі» Ұлттық жобасының жеңімпазы.

БАҒДАРЛАМА

I бөлім

Антонин Дворжак. №9 симфония («Из Нового Света»), e-moll, ор.95

II бөлім

Джузеппе Верди. «Трубадур» операсынан Леонораның ариясы мен кабалеттасы

Умберто Джордано. «Федора» операсынан Лористің ариясы

Шарль Гуно. «Фауст» операсынан Маргаританың ариясы

Джакомо Пуччини. «Тоска» операсынан Каварадоссидің ариясы

Джоаккино Россини. «Севильдік шаштараз» операсына увертюра

Джакомо Пуччини. «Богема» операсынан Мими мен Рудольфтың дуэті

Гаэтано Доницетти. «Дон Паскуале» операсынан Норинаның ариясы

Жюль Массне. «Вертер» операсынан Вертердің ариясы

Франц Легар. «Джудитта» опереттасынан Джудиттаның ариясы

Агустин Лара. «Гранада»

Джузеппе Верди. «Травиата» операсынан Brindisi көрінісі

Ұзақтығы – 1 сағат 55 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады