rebranding

Пер Гюнттің саяхаты

2019/2020            Камералық зал            VIІ маусым

2 ақпан * жексенбі * 12.00 (орысша)

 

«Балаларға арналған классика» топтамасы

«Пер Гюнттің саяхаты»

(Эдвард Григ музыкасының желісімен)

 

«Астана Опера» театрының әртістері жас көрермендеріне «Балаларға арналған классика» топтамасынан Эдвард Григтің музыкасына бойынша «Пер Гюнттің саяхаты» атты концерт ұсынады.

Пер Гюнт – шытырман оқиғаларды іздеуші әрі қиялшыл жан, музыкасын Эдвард Григ жазған Генрик Ибсен пьесасының бас қаһарманы. Ол ұзақ жылдар бойы дәулет, атақ-даңқ пен бақыт іздеумен жат жерлерді кезіп жүреді. Тағдырдың тәлкегімен ол шөлге де, жерасты патшалығына да тап болды. Жиһанкез үйіне қайтып оралғанда, оны қырық жыл бойы тапжылмай күткен сүйікті адал жары Сольвейгтен басқаның бәріне ұмыт болып, ешкімге керексіз қалған. Ибсеннің атақты «Пер Гюнт» пьесасының сюжеті осындай. Григтің тамаша музыкасының арқасында, әдеби туынды үлкен танымалдылыққа ие болды.

Генрик Ибсеннің пьесасы да, Эдвард Григтің музыкасы да ну ормандар, тылсым тау жоталары, жіңішке қатпарлы теңіз шығанақтары – фьорд мекені болған солтүстіктегі сәулетті Норвегия елін жырлайды. Пейзажға арналған музыкалық миниатюралар дыбысы құстардың сайрағанын, самал желдің сыбдырын, бақташы сыбызғысы мен аңшы кернейінің үнін айнытпай сипаттайды. Бас кейіпкердің ізімен біз тролль патшалығы – «Тау патшасының үңгіріне» үңілеміз. Бұл фрагменттің музыкасы таңғажайып әрі жұмбаққа толы. Әуен ертегі кейіпкерлерін бейне бір тылсым күш секілді алай-дүлей құйынмен көкке көтеріп, ұшырып әкетеді. Григтің ең айтулы музыкалық туындысының бірі – Сольвейгтің өзінің сүйіктісі Пер Гюнтке айтқан Бесік жыры.

Театр солистері мен симфониялық оркестр орындауында Э.Григтің «Пер Гюнт» сюитасынан музыка мен «Балалар альбомынан» жекелеген пьесалар шырқалады.

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ,

БАЛАЛАР СТУДИЯСЫ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

 

Дирижер – Руслан Баймурзин

Музыкатанушы – Сәуле Мәулетова

Режиссер – Наталья Кагадий

Балалар студиясының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова

Миманс жетекшісі – Ғалия Байғазинова

 

Ұзақтығы – 50 минут