Scorpions в Алматы

«Маэстроға арнау»

2017 / 2018                   Камералық зал            V маусым

31 қаңтар * сәрсенбі * 19.00

«Маэстроға арнау»

31 қаңтарда «Астана Опера» Камералық залында Кеңес және Ресей опера әншісі, КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Евгений Нестеренконың 80 жылдығына арналған «Маэстроға арнау» концерті өтеді.

Өткен ғасырдың көрнекті опера әншілерінің бірі, 50-ден астам жетекші партияларды, соның ішінде 21 операны түпнұсқа тілінде орындаған Евгений Нестеренко миландық Ла Скала (Италия), нью-йорктік Метрополитен-опера (АҚШ), лондондық Ковент-Гарден (Ұлыбритания), Вена операсы және тағы басқа көптеген әлемнің ең үздік театрларында өнер көрсеткен.

Осы кеште ұстазына деген үлкен ризашылығын оның шәкірттері мен әріптестері, белгілі опера әртістері білдіретін болады.

Арменияның Халық әртісі, бас Барсег Туманянның орындауында Чайковскийдің «Борис Годунов», «Евгений Онегин» және «Мазепа» операларынан Годунов, Гремин, Кочубей ариялары және басқа да туындылар шырқалады. Сопрано репертуарын – Р.Шуман мен С.Рахманиновтың романстарын, сонымен қатар П.Чайковскийдің аттас операсындағы Иоланта ариясын Айгүл Ниязова ұсынады.

Н.Римский-Корсаковтың «Патша қалыңдығы» мен Ф.Чилеяның «Адриенна Лекуврер» операларындағы көріністерде Дина Хамзина өзінің вокалдық әрі әртістік шеберлігімен жарқырайтын болады.

Венада Е.Нестеренкодан тәлім алған баритон Азамат Жылтыркөзов П.Чайковский, Дж.Верди, Н.Римский-Корсаковтың опера арияларын, сондай-ақ Г.Свиридовтың романстарын орындайды.

 

Орындаушылар:

Айгүл Ниязова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Дина Хамзина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (меццо-сопрано)

Азамат Жылтыркөзов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

Барсег Туманян, Арменияның Халық әртісі (бас)

 

Фортепиано партиясында:

Раушан Бескемпірова, халықаралық байқаулардың лауреаты

Долорес Үмбетәлиева, халықаралық байқаулардың дипломанты

Ләйлә Сейітова, халықаралық байқаулардың лауреаты

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция  орындаушылар мен  орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады