Scorpions в Алматы

БАРОККОДАН РОКҚА ДЕЙІН

2017 / 2018                    Үлкен  зал                    V маусым

13 мамыр * жексенбі * 18.00

КОНЦЕРТ

«БАРОККОДАН РОКҚА ДЕЙІН»

«Астана Операның» Үлкен залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен «Астана Опера» театры симфониялық оркестрінің концерті өтеді.

Тыңдарман қауымға XVII ғасырдағы барокко үлгісінен бастап ХХ ғасырдағы рок бағытындағы музыка ұсынылады.

 

Бағдарламаның сан-алуандығы (нақышты барокко, қатал классицизм, шабытқа толы романтизм, мәнерлі джаз бен екпінді рок) ерекше көңіл-күй сыйлап, әсерлердің алмасуына кепілдік береді. Ал «Астана Опера» симфониялық оркестрі әртістерінің асқан орындаушылық шеберлігі және әрдайым өзінің бірегей қолтаңбасымен тамсандыратын маэстро Абзал Мұхитдинов музыкалық өнерсүйер қауымның театрға келген әрбір сәтін нағыз мейрамға айналдырары хақ.