Jullien Dassin

Түрлі дауыстар әлемі

2021 / 2022                    Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал          IХ маусым

31 қазан * жексенбі * 12.00 (орысша)

 

«Театрға саяхат» циклінен

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ

 

«Түрлі дауыстар әлемі»

Опералық дауыстармен танысу

(орыс тілінде)

Адам дауысы – табиғаттың шебер жаратқан үздік құралы. Нәресте өз жақындарын дауысының тембрі бойынша жеңіл танып, бесік жырын ұйып тыңдайды. Өсе келе бала дауыс бояуының фильмдер мен музыкалық ертегілер кейіпкерлерін сипаттайтынын біледі. Егер сіз балаңыздың келешекте вокалдық классика тыңдарманы болуын қаласаңыз, дайындықты бүгіннен бастаған дұрыс.

Концерт жүргізушілері – театрдың музыкатанушылары опера дауыстарының барлығымен – сопранодан басқа дейін қызықты түрде таныстырады, ал танымал солистер Л.Хамиди, Ж.Бизе, Дж.Верди, Дж.Россини, В.А.Моцарт, А.Холминов, Р.Леонкавалло шығармаларынан әйгілі ариялар мен дуэттерді шырқап; неаполитан әндерін және т.б. орындайды. Сондай-ақ, концертте «Астана Опера» театры Балалар студиясының хоры өнер көрсетеді.

 

Фортепиано партиясында – Раушан Бескембирова

Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова

Музыкатанушы – Маржан Жәкенова

 

Ұзақтығы – 50 минут