Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Уақыт көпірі

2017 / 2018                    Камералық зал            V маусым

12 мамыр * сенбі * 18.00

FORTE TRIO ШАҚЫРАДЫ

«Уақыт көпірі»

Қазақконцерттің шығармашылық ұжымы – Қазақстан Республикасының «Форте-трио» мемлекеттік триосы көрермен қауымға асқақ өнермен тілдесу бақытын сыйлайды. Ансамль құрамында – халықаралық байқаулардың лауреаттары: Динара Базарбаева-Сахаман (скрипка), Мұрат Нарбеков (виолончель), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев (фортепиано, көркемдік жетекші).

Ұжымның репертуары аса бай әрі бароккодан джазға дейінгі түрлі стиль мен бағыттағы шығармалар енген. Өздерінің орындаушылық интерпретациясын жасай отырып, трио классикалық музыка бағалаушыларының жүректерін жаулауда. Қазақтың халық әндері мен Қазақстан композиторларының туындылары ұжым шығармашылығында маңызды орынға ие.

Музыканттар сонымен қатар оркестрмен бірге ансамбльде, түрлі солистермен – аспапшылар және әншілермен өнер көрсетеді.

«Уақыт көпірі» концертінде «Форте-трио» әлемдік классика әрі қазақстандық композиторлар туындыларынан құралған бірегей бағдарламасын «Астана сазы» фольклорлық ансамблінің музыканттары – Аян Омаров (қыл-қобыз), Абылайхан Орманбек (домбыра), Серік Мағұловтың (баян) қатысуымен ұсынады.

 

БАҒДАРЛАМАДА:

Л. Бетховен. Трио ор.70 №1

И. Брамс. Трио op.8 1

А. Райымқұлова. Bridge of times

А. Жайым. «Кероғлы»

Аспаптарға өңделген қазақ халық әндері

 

Ұзақтығы  – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция өзіне орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады