rebranding

Корсар

Адольф Адан

«КОРСАР»

Прологы мен Эпилогы бар 2 бөлімді балет

Мариус Петипаның хореографиясы, Алтынай Асылмұратованың редакциясы

(Петр Гусевтің хореографиясы қолданылған)

 

Ресейдің Халық әртісі, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың қойылымындағы А.Аданның «Корсар» балеті Астананың 20 жылдығына арналған керемет сый әрі барша әлем атап өтетін ұлы хореограф Мариус Петипаның 200 жылдығына ерекше тарту болмақ.

Байронның аттас поэмасы бойынша құрылған «Корсар» балеті оның романтикалық жайма-шуақтығын, еркіндікке құштар рухын, қуатты ынтызарлығын сақтап қалған. Теңіз қарақшылары – корсарлардың махаббат пен зұлымдық сәттері, сараң саудагердің күлкілі әрекеттері және «Жаңғырған бақтың» романтикалық көріністері орын алған өмірлік сюжет көрермендер арасында үлкен жетістікке ие.

Бұл классикалық балет репертуарының інжу-маржаны әлемнің барлық айтулы театрларының сәнін келтіруде, себебі осы жауһар туынды әртістерге барлық партияларда балет техникасымен де, драмалық дарынымен де жарқ етуге мүмкіндік береді.

Адольф Шарль Аданның музыкасына жазылған балетте Ж.Сен-Жорж пен Ж.Мазильенің либреттосы қолданылған (Дж.Байрон бойынша).

 

 

Қоюшы хореограф – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі

Қоюшы хореографтың ассистенттері – Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев

Музыкалық редактор – Долорес Үмбетәлиева

Қоюшы сценограф – Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино

Проекциялар бойынша дизайнер – Серджио Металли

Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани

Көркемдік-өндірістік кешен жетекшісі – Виктор Караре

Костюмдер бойынша технолог – Даниэль Бутар

Қоюшы сценографтың көмекшісі – Рикардо Массирони

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Анна Верде

Проекциялар бойынша дизайнердің ассистенті – Энрико Паццальи

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР

Медора –                     Әйгерім Бекетаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                                      Әнел Рүстемова

Конрад                     Арман Оразов / Олжас Тарланов

Гюльнара                Шұғыла Әдепхан /

                                      Мәдина Басбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Исаак Ланкедем     Серік Нақыспеков / Жансерік Ахметов

Құл Али                      Еркін Рахматуллаев / Бақтияр Адамжан

Сеид-паша               Рахметолла Науанов / Жанәділ Бейсембиев

Бирбанто             Олжас Маханбетәлиев / Ильдар Шакирзянов

Күңдер биі                Әсел Құсайынова / Анастасия Заклинская / Әсел Шәйкенова

                                    Мөлдір Шәкімова / Елена Семенова / Аделина Төлепова

 

 

«Астана Опера» театрының балет және миманс әртістері,

симфониялық оркестрі

 

Ұзақтығы – 2 сағат (бір үзіліспен)