rebranding

Флория Тоска

Джакомо Пуччини

«Флория Тоска»

3 бөлімді опера

Қоюшы режиссер – Лука Ронкони

Дирижер – Абзал Мұхитдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов

Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова

 

Джакомо Пуччини – ірі итальяндық опера композиторы, «Манон Леско», «Мадам Баттерфляй», «Богема», «Турандот» сияқты танымал опералардың авторы… Әлем театрларында жиі орындалатын опералардың бірі – «Флория Тоска» саналады.

Барлық операларда, драматизм мен трагизмге толы сюжеттеріне қарамастан, Пуччини адамдар арасындағы махаббат сезіміне, абырой мен адалдыққа басымдылық береді. Оның операларында негізгі орынға әйел бейнесі ие. Пуччинидің басты кейіпкерлері – жарқын, нәзік және жиі әлсіз болмысты.

Әйгілі итальян әншісі Тоска басқалардан бөлек, Италияның патриоты – қаһарлы батыл-романтикалық бейне. Тіпті өлім мен қайғыға толы көріністерде, Пуччини өз кейіпкерінің биік рухын көрсетуге тырысады.

«Флория Тоска» операсын Пуччини француз драматургы В. Сардудың драматизм мен бостандық сүйгіш шаттыққа толы пьесасының сюжетіне жазды. Пуччини әнші Флория Тоска мен суретші Марио Каварадоссидің қайғылы махаббаттарын суреттейтін ашық мәнді шығарма дүниеге әкелді. Опера барысы аласапыран заманда, 1800 жылғы тарихи оқиға аясында өрбиді: Италияға Наполеон әскерінің басып кіруі және Республиканың бекуі... Ғашықтар қатал заманның, азап пен түрменің, өлім жазасының құрбандары болады… Саясаттан алыс адамдар – оның еріксіз қатысушысына айналады…

1900 жылдың 14 қаңтарында өткен «Флория Тоска» операсының тұсаукесері айтарлықтай табысты болмады. Бірақ, жылдар өте келе «Флория Тоска» көрермендердің махаббатына ие болды.

Бүгінде «Флория Тоска» түрлі елдердің ең танымал театрлары сахнасында сәтті қойылуда, ал оған билеттер құлшыныспен сатып алынады.

«Флория Тосканың» танымалдығы мен өзектілігінің құпиясы неде? Бұл сұраққа жауапты астаналық сахнада «Флория Тоска» операсын көру бақытына ие болғаннан кейін білетін боласыздар.

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:

Флория Тоска – Жұпар Ғабдуллина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Каварадосси – Мейір Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Скарпиа – Евгений Чайников

Ризашы – Шыңғыс Расылхан

Анджелотти – Болат Есімханов

Шарроне – Самат Жарылқасынов

Сполетта – Рамзат Балакишиев

Түрмеші – Нұрлыбек Қосбармақов

Бақташы бала – Қанат Бақтияр / Әсел Қалдыбаева

 

Ұзақтығы – 3 сағат (екі үзіліспен)

 

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады