Scorpions в Алматы

Альт бенефисі

2017 / 2018             Камералық зал                 V маусым

15 тамыз * сәрсенбі * 19.00

Концерт

«Альт бенефисі»

Осы кеште сахнада Альт патшалық құратын болады.

Маужыраған, айқын, бекзат, қоңыр үнді, сезімтал әрі  қуатты – бұл ішекті аспаптың дыбыс ырғағын осылайша сипаттауға болады.

Альт – бұл философ аспап. Көптеген көрнекті композиторлар альттың өзіне тән дыбысталуын сәтті пайдалана білген.

Қазіргі заманның үздік альтшыларының бірі деп Юрий Башмет танылған. Дарынды музыкант альтқа арнап жазылған барлық репертуарды ойнап шыққан, бұл шамамен 200 музыкалық шығарма, ал оның ішінде 40 туындыны заманауи композиторлар жазып, Башметке арнаған.

Концертте П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының ассистентура-тағылымдамасын КСРО Халық әртісі, профессор Юрий Башметтің жетекшілігімен үздік бітірген – Қазақ ұлттық музыка академиясының түлегі Павел Романенко өнер көрсетпек.

Павел Романенко мен өзге де қазақстандық музыканттардың орындауында бароккодан бастап ХХІ ғасырға дейінгі түрлі дәуір композиторларының шығармалары орындалады.

Бағдарламада Ф.Шуберт, Ю.Хальворсен, Б.Барток, Б.Баяхунов, Е.Брусиловский, Д.Табаков, А.Пярт, А.Пьяцолла, Р.Молинелли туындылары шырқалады.

 

ҚАТЫСУШЫЛАР:

Солист – Павел Романенко (альт)

 

Ішекті аспаптар квинтеті:

Қаламқас Жұмабаева (скрипка) 

Нәзікгүл Жаңазарова (скрипка)

Жанар Ахатова (альт)

Курванжан Ахатов (виолончель)

Олжас Домашев (контрабас)

Карина Измайлова (фортепиано)

Жәнібек Бекмәдиев (соқпалы аспаптар)