«Махаббат дирижері» музыкалық спектаклі

Ғашықтар күнінің қарсаңында өзіңізге ұмытылмас кеш сыйлаңыздар!

Stages музыкалық театры және Tynda Music оркестрі бірегей іс-шара ұсынады.

«Махаббат дирижері» - сіздердің дәл көз алдарыңызда пайда болып, қайталанбас тәжірибеге айналатын музыкалық спектакль. Себебі махаббат құдіретін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, оны тек жүрекпен сезіну керек...

Осынау керемет кеште театр және кино актері Шыңғыс Капин оркестр музыканттарымен бірге әдеттегіден тыс шығып, импровизация өнерінің бар шеберлігін паш етеді. Жылы лебізге толысқан сөздер, мың бұралған би, музыканың бейнесін анықтайтын бас дирижер Махаббат болмақ.

Сахна төрінде сезімтал романтикадан экспрессивті ырғақтарға дейін Tynda Music оркестрінің орындауындағы музыкалық хиттер орындалады.

Дирижер: Айдос Мендалиев

Музыкалық продюсер: Ирэна Аравина

Режиссёр: Фархат Кулбаев

Махаббаттың шынайы сиқырын сезіну мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!