Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Қарағандыдан жалынды сәлем

2017 / 2018                Үлкен зал                   V маусым

27 мамыр * жексенбі * 18.00

 

«Қарағандыдан жалынды сәлем»

(С.Рахманинов, И.Стравинский, Т.Қажығалиев)

«Қарағандыдан жалынды сәлем» концертінде Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі симфониялық оркестрінің орындауында ХХ ғасыр композиторларының жарқын симфониялық жауһарлары шырқалады. Солист – халықаралық конкурстардың лауреаты Мирослав Култышев (фортепиано).

1983 жылы ұйымдастырылған оркестр бүгінгі таңда Қазақстанның ең кәсіби шығармашылық ұжымдарының бірі. Оның репертуарында классик композиторлардың шығармаларымен қатар, заманауи авторлардың туындылары бар. Көркемдік жетекшісі мен бас дирижері – Бүкілресейлік конкурстың лауреаты Петр Грибанов.

Петр Грибанов – Ленинград және Новосібір консерваторияларының түлегі. Әр жылдары Краснояр, Ростов академиялық симфониялық оркестрлерінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. Санкт-Петербор филармониялық қоғамының симфониялық оркестрімен жұмыс істеген, Иркутск симфониялық оркестрінің дирижері болған. 1989 жылдан бері Карағанды симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері.

Мирослав Култышев – ресейлік пианист, көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты, оның ішінде П.И.Чайковский атындағы XIII халықаралық конкурстың күміс медаль және екінші жүлдесінің иегері. М.Култышев үнемі Санкт-Петербор мен Мәскеудің үздік концерт залдарында өнер көсетеді. Германия, Австрия, Франция, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, Голландия, Швейцария, Чехия, Словакия, Польша, Литва, Финляндия, Жапония, Корея, Украина және басқа мемлекеттерде гастрольдерде болған.

В.Гергиев, В.Ашкенази, Ю.Башмет, М.Горенштейн, К.Орбелян, В.Синайский тәрізді басқа да дирижерлермен қызмет жасайды.

 

БАҒДАРЛАМА:

І бөлім

С.Рахманинов. Фортепиано мен оркестрге арналған №3 концерт

 

ІІ бөлім

И.Стравинский. «Жалын құс» балетінен сюита

Т.Қажығалиев. «Дала аңызы» балетінен сюита

 

 

Солист – халықаралық конкурстардың лауреаты Мирослав Култышев (фортепиано)

Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің симфониялық оркестрі

Көркемдік жетекші және бас дирижер – Петр Грибанов

Жүргізуші – Людмила Гольская

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады