Jullien Dassin

Шал мен теңіз

Мекен-жайы: Мемлекеттіл қуыршақ театры, Алматы қ.

Авторы: Эрнест Хемингуей

Режиссері әрі инсценировка авторы: Дина Жұмабаева

Суретшісі: Юлия Чернова

Хореографы: Анна Цой

Жанр: драма

Ұзақтығы:

Жас санаты: 16+

Тұрақ: бар

Қосымша: Премьера

 

Телегей  теңіздің таңғажайып сұлулығымен қатар, сұрапыл дауылы мен сұсты мінезін, өмір ішінен өлім, өлім ішінен өмір іздеген Кубалық балықшы Сантьяго шал және  марлин балығы арасындағы алыс арманға ұмтылыс пен жанкешті күресті баяндайтын «Шал мен теңіз» қойылымы белгілі американдық жазушы Эрнест Хемингуэйдің повесі бойынша сахналанған.

Адамның арманға деген адалдығы, оған жету жолындағы тартысқа толы арпалысы мен күресін, үзілмес үміт пен күдікке байланған тағдырын баяндайтын қойылым тұңғыш рет қуыршақ бейнесінде тіл қатпақ.

  • Сантьяго – Бақытжан Қаюов
  • Маноло – Шохан Құлназаров, Нұрсұлтан Рашитұлы
  • Су перісі – Әсем Әбдімәуленова
  • Көмекшілер – Алияр Нұрәділ, Елдар Нұрсұлтан, Ернар Оралов