Google ad services
Гамлет/Театр Бункер

«Саломея» бір актілі балетінің премьерасы

16-17 ақпан.

Махаббат сиқыры, ажал сиқырынан көп

«Астана Балет» театрының бас балетмейстері Мукарам Авахри қойған балет – иудей патшасы Ирод Антипаның өгей қызы Саломея жайлы библиялық сюжет. Ол Жеті Жамылғы биін билеп, оның жүрегін жаулап алыпты-мыс. Сол үшін пайғамбардың басын шабуын талап етіпті.

Саломея бейнесі көптеген суретші, ақын, жазушының ойын мазалағаны белгілі. Оның есімі белгілі бір атау іспетті де болып кетті. Ал, оның тағдыры адам баласының жүрегінің түбінде жатқан терең сезім қатпарлары жайлы ой өрбітуге түрткі болуда.

«Саломея» - жақсылық пен зұлымдықтың арасындағы шекара жайлы, адам баласын белгілі бір әрекетке итермелейтін сезімді тудыратын күш жайлы толғаныс.

«Саломея» балетінің негізіне Оскар Уайльдің пьесасы алынып отыр. Уайльдің нұсқасы бойынша, трагедияның себебі сол, Иоанн Саломеяның сезіміне жауап бермеді. Шамданып қалған жас ханшайым, өгей әкесінен Иоаннды жазалауды талап еткен. Оның басын шауып, күміс ыдысқа салып, алдына келтіруін сұраған. Мұндағы ойы өзі жан-тәнімен қалаған жанның ернін өбу. Мейлі, ол жансыз қалған мәйіт болса да.

«Саломея» балеті жарқын, көркем биімен, ғажайып пластикасымен, жалпы, көркемдік безендіру тұжырымдамасындағы бірегей шешімімен ерекше.

Композитор – Фазил Сай

Суретші-сценограф Ольга Шаишмелашвили

Жарық суретшісі - Денис Солнцев