Scorpions в Алматы

«Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі

«Astana Musical» театры еліміздің рухани құндылықтарына айналған халық әндері мен халық композиторларының шығармалары, ұлттық операмыз бен классикалық музыкамыздың інжу-маржандары негізінде жасалған «Қыз Жібек» мюзиклін көрермен назарына ұсынады.

 «Қыз Жібек» - қазақтың лиро-эпостық жырының жауһары. Халықтың поэзиялық мұрасының барлық салтанатын  бойына сіңірген, халқымыздың ұлттық танымымен етене танысуға мүмкіндік беретін  махаббат дастаны. 

Дала театрының элементтерін пайдалана отырып  жасалған этно-фольклорлық мюзиклде ұлттың өмірі мен тығыз байланысты дәстүрлер - бата, қарғыс, жоқтау, зар, көңіл айту, қоштасу және т.б. – жақсы көрініс тапқан. «Қыз жібек» мюзиклі  Франция, Бельгия, Австрия, Ресей мемлекеттерінде сахналанып, шетелдік талғампаз көрерменнің қошеметіне бөленді. Композитор – Е. Брусиловский, либретто авторы – Ғ. Мүсірепов. Қоюшы режиссер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров.