Летние развлечения на Ticketon.kz

Көктемнің оянуы

«КӨКТЕМНІҢ ОЯНУЫ»

(Арфа кеші)

«Көктемнің оянуы» – опера солисті, оркестр әртістері мен сиқырлы аспап – арфаның қатысуымен өтетін концерт.

Кеш бағдарламасында – француздық импрессионизм классиктерінің шығармалары орындалады. Импрессионист композиторлардың сүйікті аспаптарының бірі – арфа – жеке және ансамбль құрамында вокалдық шығармаларды сүйемелдейді.

Ерекше дуэттер мен ансамбльдердің әсерлі орындауында ұлы композиторлардың жауһар шығармаларын жаңаша шырқалып, музыкалық әсерлеріңізді белгілі импрессионист суретшілердің еңбектері толықтыратын болады.

 

Орындаушылар:

Любовь Ткаченко (арфа)

Айгүл Ниязова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Наргиз Ережепова (скрипка)

Балжан Сапарова (флейта)

Алмаз Тоқпанов (кларнет)

«Астана Опера» Ішекті квартеті

 

Концертте  М.Равель, К.Дебюсси, К.Сен-Санс, М.Турпье, Г.Форе және т.б. шығармалары орындалады.

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады